14 қыркүйек 2017

«Алматы марафоны» екі мектеп-интернатына скалодром мен спорт жабдықтарын тапсырды

VI «Алматы марафонының» барлық серіктестері мен қатысушыларының атынан «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры мен «World Class Almaty» фитнес клубының басшылығы 2017 жылдың ауқымды қайырымдылық мақсатын жүзеге асыру шарасын жалғастырып келеді. Бүгін екі балалар мекемесінде қос бірдей нысан тапсырылды.

14 қыркүйек 2017

«Алматы марафоны» алты қайырымдылық мақсатының төртіншісін тапсырды

Бүгін «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының командасы осы жылдың 23 сәуірінде өткен VI «Алматы марафонының» ауқымды қайырымдылық мақсатының төртінші жобасын іске асырды. Н.Островский атындағы зағиптер мен көздері нашар көретін балаларға арналған № 4 арнайы мектеп-интернатына емдік дене шынықтыру, спорт және би залына арналған жабдықтар берілді.

06 қыркүйек 2017

«Алматы марафоны» №1 мектеп-интернатына футбол алаңын тапсырды

Бүгін спорт алаңының салтанатты ашылуы және оны есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған №1 арнайы (түзететін) мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне беру рәсімі өтті. Осы шара VI халықаралық «Алматы марафоны» атты ауқымды қайырымдылық мақсаты – түрлі ауруларға шалдыққан балаларға арналған 6 арнайыландырылған оқу орнының 1 500 оқушысына көмек көрсету аясындағы іске асырылған жобаларды ұсынудың бастамасы болды.

21 тамыз 2017

«TOUR OF WORLD CLASS ALMATY» ВЕЛОЖАРЫСЫНА 650 АСТАМ ҚАТЫСУШЫ ҚАТЫСТЫ

20 тамыз күні ҚР Спорт күні маусымның көптен күткен веложарысы – әуесқойларға арналған «Tour of World Class Almaty» атты кәсіби веложарыс өтті. Жарыс стартына 650 астам спортшы шықты. Шара «Алматы марафонының» құрылтайшысы, Ғылыми-білім беру қорына есімі берілген белгілі қазақ ғалымы академик Шахмардан Есеновтың 90 жылдығын тойлау аясында ұйымдастырылды.

01 тамыз 2017

ТАМЫЗ АЙЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА «TOUR OF WORLD CLASS ALMATY» ВЕЛОЖАРЫСЫ ӨТЕДІ

1 тамыз күні almaty-marathon.kz сайтында жыл сайын өткізілетін Tour of World Class Almaty веложарысына тіркелу ашылады. Жарыс 20 тамыз күні өтетін болады. Жарыс ұйымдастырушылары: «Алматы марафон», World Class Almaty және Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры. Шара қазақтың ұлы ғалымы, академиктің 90 жылдығын атап өту аясында өтпек.

15 шілде 2017

Жазғы жүгіруге 650 адам қатысты

Бүгін Алматыдағы Баум атындағы тоғайда жыл сайынғы «Жазғы жүгіру» - жаздың ең басты жүгіру оқиғасы болып өтті.

03 шілде 2017

Шілде айында Алматыда «Жазғы жүгіру» өтеді

15 шілде күні «Алматы марафоны» «Жазғы жүгіру» шарасын өткізеді. Алматы марафонының маусымдық жүгіру мақсаты — демалудың белсенді түрлерін көпшілікке тарату және жүгіру әуесқойларына келесі жылдың басты жүгіру оқиғасына– VII«Алматы марафонына» дайындалуға көмектесу.

02 шілде 2017

АЛҒАШҚЫ «АЛМАТЫ МАРАФОНЫ ЖҮЗУІ» 150 ҚАТЫСУШЫНЫ ЖИНАДЫ

2 шілдеде Алматы түбіндегі Қапшағай су қоймасында «Алматы Марафоны жүзуі» өтті. Жарыс стартына 150 әуесқой жүзуші қатысты.

18 маусым 2017

«Astana Motors Дуатлон» стартына 300 жуық қатысушы шықты

2017 жылдың 18 маусымында Алматы қаласында «Astana Motors Дуатлон» – спорттың екі түрі: жүгіру жарысы мен веложарыс өтті. Жексенбілік таңда алаңға 300 жуық спорт әуесқойлары шықты.

15 маусым 2017

Танымал қазақстандық спортшылар Sport List бейнеблогына түспек

15 маусым күні Sport List бейнеблогы сериясының ашылуына орай баспасөз-ланч өтті. «Алматы марафоны» мен Sanofi компаниясының бірлескен жобасы 29 маусым күні бастау алады.

14 маусым 2017

«Алматы Марафон» жүзу жарысы

«Алматы Марафон» жүзу жарысы – «Алматы Марафонының» мүлдем жаңа жобасы – ашық су астында жүзу жарысы.

01 наурыз 2017

Ш. Есенов атындағы қордың құрылтайшысы бизнесмен Ғалымжан Есенов. «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесіне басшылық етті

Өңірдің ең ірі халықаралық спорттық «Алматы марафоны» іс-шарасының ұйымдастырушысы ретінде танымал, «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қорының құрылтайшысы – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля