13 тамыз 2018

Алматыда 19 тамызда Футзалдан әлем чемпионатының өтуіне орай «Tour of World Class Almaty» веложарысы белгіленген мерзімнен бір күн бұрын, яғни 18 тамызда өткізіледі.

Алматыда 19 тамызда Футзалдан әлем чемпионатының өтуіне орай  «Tour of World Class Almaty» веложарысы белгіленген мерзімнен бір күн бұрын, яғни 18 тамызда өткізіледі. 

Веложарыс бағыты Чемпионат өтетін спорттық нысандар арқылы өтеді.

«Қатысушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы - спорттық іс-шараларды өткізудегі алғышарт. Біз уақыт пен бағытты өзгеріссіз қалдыра отырып, өтетін күнді ауыстыруға мәжбүрміз.

Сіздің бұл жайтқа түсіністікпен қарайтыныңызға сенім білдіре отырып, әрқайсысыңызды тамаша көңіл-күймен және жоғары дайындықпен тамыздың 18 күні сөреге асыға күтеміз!», - «Tour of World Class Almaty» веложарысын ұйымдастыру комитеті. 

Жарыс өтетін күнінің өзгеруіне орай Веложарысқа тіркеу 16 тамыз түске дейін ұзартылды. Бұл сәтті пайдаланып, жарысқа қатысуға мүмкіндікті қалт жіберіп алмаңыз!

Сайтқа кіру
Восстановление пароля