Біздің миссия – Қазақстан тұрғындарын шабыттандыру және белсенді өмір салты үшін мүмкіндіктер жасай отырып, олардың денсаулығын қолдау. Біз – адамдарды белсенді болуға және қоғамның дамуына үлес қосуға ынталандыратын елдегі ең үлкен жүгірушілер қауымдастығымыз.
KORPORATIVTIK QOR
«БІРІНШІ БОЛУ – БАТЫЛДЫҚ» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ ЖҮГІРУГЕ ЕРЕКШЕ МӘН БЕРЕ ОТЫРЫП, СПОРТ АРҚЫЛЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУДЫ МАҚСАТ ЕТЕДІ.
Қор өз қызметін 2012 жылы Орталық Азиядағы жүгіру қозғалысын бастаған және уақыт өте келе әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қатысушыларды жинап, халықаралық іс-шараға айналған Almaty Marathon алғашқы ауқымды жүгіру оқиғасын өткізуден бастады. Марафонның негізін қалаушы — кәсіпкер және филантроп Ғалымжан Есенов.
Бүгінде «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры – бұл Almaty Marathon, Almaty Half Marathon, Astana Half Marathon, Turkistan Marathon, Taraz City Run – жылына онға жуық жүгіру іс-шарасы:
Қауіпсіздік | Жүгірушілердің қауіпсіздігі – біздің басты мақсатымыздың бірі. Біз әрбір қатысушының денсаулығына қауіп төндірмей, жарыстан ләззат алуын қамтамасыз етуге тырысамыз |
Инклюзивтілік |
Almaty Marathon – барлығына ашық инклюзивті орта. Гендеріне, жасына, физикалық мүмкіндіктеріне, жүгіру тәжірибесіне және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, кез келген адам біздің қауымдастықтың бір бөлігі бола алады. Барлық қатысушылар тең және жылы қабылданады. |
Бұқаралық |
Біз жай ғана спорттық іс-шаралар ұйымдастыратын ұйым емеспіз. Біз мыңдаған адамды біріктіретін қуаныш, өзара құрмет пен қолдау атмосферасын құрамыз. Біз адамдарды белсенді болуға шабыттандырамыз және әрбір қатысушыға ерекше, өзгерістерге толы тәжірибе сыйлаймыз. |
Әлеуметтік жауапкершілік |
Біздің түсінігімізде спорт – қоғамдағы оң өзгерістердің құралы. Біз тегін жаттығулар өткізіп, волонтерлік қозғалысты дамытамыз және қайырымдылықпен айналысамыз. Бізбен бірге адамдар пікірлес жандарын тауып, саналы көзқарасты дамытады және қаланың, елдің өміріне белсенді араласады. Біз спортты танымал етіп, Қазақстанда жүгіру мәдениетін жаңа деңгейге көтереміз. Біз тек спортшыларды ғана емес, компанияларды, ұйымдарды және медианы да тарту арқылы елдегі жүгіру инфрақұрылымын дамытамыз. |
Белсенді өмір салты |
Almaty Marathon – белсенді және салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттайды. Біз адамдарды спортпен айналысуға, жаңа мүмкіндіктерді ашуға және жетістіктерге жетуге шақырамыз. Физикалық және психикалық денсаулық туралы айтамыз. Біз әрбір адамның өз ойлағанынан да көп нәрсеге қабілетті екеніне шын жүректен сенеміз. Біздің іс-шаралар – өзіңізге жаңа мақсат қойып, оны жеңіп шығуға тамаша мүмкіндік. |
Инновациялар |
Біз өз іс-шараларымызды ұйымдастыруда инновациялық шешімдерді қолданатынымызды мақтан тұтамыз. Біз жүгірушілердің тәжірибесін жақсартудың жаңа әрі тиімді жолдарын үздіксіз іздеп, марафонды барынша қолжетімді, қауіпсіз және ыңғайлы етуге тырысамыз. |
Экологиялық тұрақтылық |
Біз әрбір адамның қоршаған ортаға ортақ жауапкершілігі бар екеніне сенеміз және табиғатты сақтау үшін белсенді әрекеттер жасаймыз. Біздің іс-шараларды экологиялық таза әрі тұрақты ету үшін үнемі жаңа тәсілдерді іздейміз және бұл тәжірибемен басқалармен бөлісеміз. |
Жаһандану |
Біз халықаралық байланыстарды нығайтып, бүкіл әлемнен қатысушылар мен серіктестерді марафонға тартамыз. Біздің жарыстарымыздың географиясы кеңейіп, жаңа аймақтар игерілуде, жаңа серіктестіктер құрылуда. Біз туризмнің дамуына өз үлесімізді қосып, жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған жүгірушілер мен жанкүйерлерді қарсы аламыз. Олар үшін Алматы және Қазақстанның мәдениеті мен көрікті жерлерін жаңа қырынан ашуға мүмкіндік жасаймыз. |


Белсенділікті насихаттайтын, адамдарды тартатын және ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жарқын және ауқымды спорттық іс-шараларды ұйымдастыру.
Қазақстандықтардың көбі жарқын болашақ үшін күш біріктіре отырып, белсенді және салауатты өмір салтын таңдайды.
Біздің іс-шаралар белсенді өмір салтын ұстануға, өсуге және мақсаттарға жетуге, пікірлес адамдарды табуға және сана-сезімді дамытуға көмектеседі.
Біз Қазақстанда сапалы және қауіпсіз спорттық іс-шараларды ұсына отырып, процестерді үнемі жетілдіріп отырамыз.


«Бірінші болу – батылдық» қайырымдылық марафоны» атауымен алғашқы Almaty Marathon өтті. Жарысқа 10-14 жастағы балаларды қосқанда 2500 адам қатысты.

Almaty Marathon 120 елде 400-ден астам марафондар мен жүгіру жарыстарын біріктіретін AIMS Халықаралық марафондар және жүгіру қауымдастығының бөлігіне айналды.

Almaty Marathon маршруттары мен трассалары IAAF Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының стандарттарына сәйкес өзгертілді және сертификатталды.

Almaty Marathon-ға қатысушылардың рекордтық саны – 17 000 адам қатысты.
Қалдықтарды бөлек жинау жүйесі енгізілді. Орташа алғанда, әр марафоннан 412 кг пластик, 211 кг картон, 93 кг полиэтилен және 45 кг алюминий жинауға болады.
Almaty Marathon 2020 коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды.

Марафондар Алматыдан тыс өңірлерге шығып, тарихта алғаш рет Астанада жартылай марафон және Түркістанда марафон сәтті өтті.

Скандинавиялық жүріс жаппай жарысы бойынша Қазақстан рекорды орнатылды, оған 600 адам қатысты.
1377-ден астам балаға арналған сегіз қайырымдылық жобасын іске асыруға 65,5 млн теңге көлемінде рекордтық қаражат жиналды.

Қор күнтізбесінде жаңа қала – Тараз пайда болды және дәл осы жерде Taraz City Run маусымының қорытынды жарысы өтті. Қордың басты мақсаттарының бірі – өңірлерде жүгіруді дамыту.
2023 жылдың желтоқсанында марафонға дайындық үшін тегін жаттығулар басталды. Нәтижесінде 60 қатысушының 20-сы марафонды сәтті өткізді.