02 шілде 2018

1 шілдеде Қапшағай су қоймасындағы Heaven Club демалыс аймағында Алматы марафонының Суда жүзуден екінші жарысы өтті.

1 шақырым қашықтыққа жүзуден: 15 минут 23 секунд нәтижесімен ерлер арасында -  Дмитрий Хан және 19:15 нәтижесімен әйелдер арасында Ирина Лазарева ең үздік атанды. Ауа-райының құбылмалы болуына байланысты 2 км қашықтықтағы жүзу 1 км-ге қысқартылды. Бұл шақырымды Кенесары Кенебаев 12:40 минут нәтижесімен ерлер арасында және 20:03 минут нәтижесімен әйелдер арасында Галина Резванцева бәрінен шапшаң еңсерді. Ең ұзақ қашықтыққа жүзуден  (5 км) жеңімпаз 1 сағат 13 минут 32 секунд кейін анықталды. Ең жылдам жүзуші Владимир Толикин жеңіс үшін дәл осындай уақыт қажет болған. Әйелдер арасында 5 шақырымды ең минималды 1:44:14 уақытта Екатерина Шатная еңсерді. Барлық нәтижелерді Алматы Марафоны сайтынан табуға болады.

«Алматы марафонының Суда жүзуден жарысы биыл Open Water World Tour сайыстарына енгізілген жыл сайынғы іс-шаралардың біріне айналды. 2018 жылы OWWT шеңберінде 8 турнир өтіп жатыр. Олар – Италия, Испания, Мексика, АҚШ, Грекия, енді Қазақстанда өтіп жатқан ашық судағы жарыстар. Біздің жүзу жарысы жеңіпаздары OWWT  рейтинг жүйесінде ұпай алады. Бұл ұпайларды өз кезегінде әлемдік біріншілікке қатысуға қолдануға болады. Бұл  - триатлон сөрелері бағытында белсенді түрде дайындалып жатқан спортсүйер қауым үшін жағымды жаңалық. Біз бұл ұмтылыстары қолдаймыз және спортшылар өздерін сынап көруі және басқа жарыстарға дайындалуы үшін осындай шаралар өткізіп жатырмыз», - дейді Алматы марафоны директоры Салтанат Қазыбаева.

Алматы Марафон командасы қайырымдылық бағыттағы жобаларды белсенді қолдауда. Биыл, ашық суда Жузеден өтетін жарыста “Самұрық-Қазына” Қорының бастамасымен бой алған «Сенің жаңа қырың!» Challenge жобасы инклюзивті балаларға арналған арнайы қашықтықты ұйымдастырды. Бұл жоба «Аутизмді жеңеміз» атты «Милосердие» Ерікті қоғамында кеңес алатын балалар мен олардың ата-аналарына арналды. 22 бала ата-аналарымен бірге қашықтықты еңсеріп, медалдарын алды. 

 «Біздің балалар аутизммен күресіп келеді. Олар жиі өз-өздерімен ойға шомып, қоршаған әлеммен қарым-қатынас жасай алмайды. Сол себепті оларға дене шынықтыру жаттығулары аса қажет. Жүзу тыныштық беріп, өз дененіңді бақылауда ұстап, сезінуге мүмкіндік береді. Зерттеулерге сай, жүзу арқылы адамның ақыл-есі мен денесінің байланысы нығая түседі. Суда балалар тек өз буындарын, икемдерін, үйлесімділікті  дамытып қана қоймай, сөйлеуді, ми жұмысын және жалпы интеллекті дамытады. Біздің балалар қоғамның толыққанды мүшесі болуы үшін күн сайын өздерін дамытады. Тарихта танымал адамдардың аутизмге шалдыққаны, алайда бұл психикалық ауытқудың оларға өнер жауһарларын жасауға, таңғаларлық ғалым, жазушы, спортшы, тіптен президент болуларына кедергі жасамағаны белгілі»,- деп «Милосердие» Еріктілер қоғамы қоғамдық қорының «Аутизмді жеңуге болады» жобасының үйлестірушісі Сайяра Михрамова өз ойымен бөлісті. «Осындай шуақты күні балаларымызбен Жүзуден жарысқа келгенімізге өте қуаныштымыз. Бұл  - нағыз спорттық сайыс. Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың бізге көрсеткен қолдауы өте бағалы».

 

Жарыс ұйымдастырушылары – «Бірінші болуға батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля