19 шілде 2018

Кәсіпқой спортшылар мен жанкүйерлер дүниежүзілік Тур де Франс жарысын тамашалап жүргенде, Алматы марафоны бір айдан кейін, яғни 19 тамызда Алматыда өтетін «Tour of World Class Almaty» мерейтойлық бесінші веложарысына тіркеудің ашылғанын жариялайды. Сөреге мыңдаған велоәуесқой жиналмақ. Спортшылар 14 км, 34 км және 57 км қашықтықтың біреуін еңсереді.

Кәсіпқой спортшылар мен жанкүйерлер дүниежүзілік Тур де Франс жарысын тамашалап жүргенде, Алматы марафоны бір айдан кейін, яғни 19 тамызда Алматыда өтетін «Tour of World Class Almaty» мерейтойлық бесінші веложарысына тіркеудің ашылғанын жариялайды. Сөреге мыңдаған велоәуесқой жиналмақ. Спортшылар 14 км, 34 км және 57 км қашықтықтың біреуін еңсереді. 

Спортшылар дәстүр бойынша Розыбакиев көшесінде орналасқан «Mega Alma-Ata» ОСО сөреге шығады. 12 жастан бастап 17 жасқа дейінгі қатысушылар үшін ең қысқа қашықтық – 14 км қарастырылған. Бағыт Розыбакиев көшесі мен Әл-Фараби даңғылы болмақ.

18 жастағы және одан үлкен қатысушылар үшін 34 км және 57 км қашықтықтар қарастырылған. Бағытқа енгізілген негізгі көшелер: Розыбакиев көшесі, Әл-Фараби көшесі, Сайын көшесі. 57 км қашықтыққа шығатын велосипедшілер осыдан кейін Момышұлы және Ақ-Қайнар көшелеріне (АвтоХҚО жаққа қарай) шығады. Жолдардың жабылу жоспары мен сызбалары жарыс алдында жария етіледі.  

Сөреге тас жол және тау (МТВ) велосипедтеріне мінген қатысушылар жіберіледі. Жеңіпаздар өз жас санатына сай марапатталады.

«Биыл веложарыс бесінші мәрте өтеді. Бұл біздің топ үшін айтулы оқиға, әрі ауқымы мен ұйымдастыру деңгейі жағынан ол тек Алматы марафонынан кейінгі орында тұр», - дейді Алматы марафоны директоры Салтанат Қазыбаева. «Жыл сайын Алматыда веложолдар, велотұрақтар, велосипедті жалға беру және велосипедшілер көбей іп келеді. Қалада әуесқой спорт белсенді түрде дамып жатыр. Адамдар жұмысқа, дүкенге, тума-туысқандарына велосипедпен барады немесе жай достарымен бірге көңілді уақыт өткізу үшін велосипедке мінеді. Өзге қалалар мен мемлекеттерді мысалға алсақ, велосипедшілерге жақсы көзқарас танытатын ортаны көруге болады. Копенгаген, Амстердам, Токио, Монреаль, Бейжің тәрізді ірі қалаларда тұрғындар мен саяхатшылар велосипедті негізгі қатынас құралы ретінде пайдаланады. Бұл – ерекше мәдениет. Велосипед тек иесіне ғана емес, қалаға, қоршаған ортаға қауіпсіз. Ол жолдарда кептелістердің, шудың болмауына, бір жерден екінші жерге рахаттанып жетуге мүмкіндік береді».

Бірінші болып 14 км шақырым қашықтық жарысына қатысушылары  таңғы сағат 8.00-де сөреге шығады. 9.00 мен 9.05-те 57 км және 24 км қашықтық жарысына қатысатын велосипедшілер шығады.

 Сөре жарнасы:

57 км жарысқа қатысатындар үшін – 6000 тенге;

34 км жарысқа қатысатындар үшін - 5000 тенге;

14 км жарысқа қатысатындар үшін – 2000 тенге.

Қатысуға тіркелу мен төлеу http://www.almaty-marathon.kz/ru/ сайтында 19 шілдеде ашылып,  2018 жылдың 13 тамызына дейін немесе қатысушылардың жалпы саны  1000 адамға жеткенге дейін жалғасады.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля