30 шілде 2018

14 қазанда тұңғыш рет Алматы жартылай марафоны өтеді. Бірегей жарыс Алматы марафоны 2019 атты Орта Азиядағы ең ауқымды оқиға аясында ұйымдастырылады. Жартылай марафонға тіркелу бүгін 30 шілдеден бастап ашық.

14 қазанда тұңғыш рет Алматы жартылай марафоны өтеді. Бірегей жарыс Алматы марафоны 2019 атты Орта Азиядағы ең ауқымды оқиға аясында ұйымдастырылады. Жартылай марафонға тіркелу бүгін 30 шілдеден бастап ашық.

 

Сөреге Алматы мен аймақтардан 5000 спортшы шығады деп күтіліп отыр. Әуесқой жүгірушілер стандартты жартылай марафонның 21 км 97,5 м созылған қашықтығын еңсерулері керек. Ал, мұндай қашықтыққа дайын емес қатысушылар үшін ұзындығы 10 км «спутник» жүгіру жарысы қарастырылған.

Спортшылар жарысты Тұңғыш Президент Саябағынан бастап, Орталық алаңда мәреге жетеді.

«Бірінші жартылай марафон үшін бағдарды біз кездейсоқ таңдаған жоқпыз.Ол 5 жыл ішінде қатысушылардың сүйікті жарысына айналған Алматы марафонының ескі трассасымен өтеді», -дейді Алматы марафонының ұйымдастырушысы, «Бірінші болуға батылдық» КҚ директоры Салтанат Қазыбаева. – «Жеке жарыс ретінде жартылай марафонға қатысу – бұл ірі халықаралық жобаларда үлкен қашықтықтарды еңсергісі келетін атлеттер үшін жақсы жаттығу және өз күшін байқауға берілген мүмкіндік. Бірнеше күн бұрын біз жарыстың өтетіні жайлы хабарлап едік, енді бұл оқиғаға деген қызығушылықтың артқанын байқап отырмыз. Алматы жартылай марафонының алматылықтар мен қала қонақтарының спорттық өміріндегі тағы бір сүйікті жүгіру жарысына айналатынына сенім мол».

Жарысты өткізу кезінде қала жолдарының бір бөлігі жабылады. Жолдарды жабу жоспары жарыстың басталуына жақын уақытта ұсынылады.

10 км қашықтыққа жүгіру жарысына 15 жастан асқан, ал жартылай марафонға (21 км) 18 жастан асқан қатысушылар жіберіледі. Жеңіпаздар өз жас санатына сай марапатталады. Жартылай марафон қашықтығында да абсолютті жеңіпаздарды марапаттау қарастырылған.

 «Алматы жартылай марафоны жүгірушілердің тілектерін есепке ала отырып, Қордың келесі іс-шаралары үшін ұйымдастыру жаңашылдықтарын алғашқылардың бірі болып қабылдайды. Осылайша, бұдан былай абсолютті есеп жеңіпаздары жас санаттары бойынша марапатталмайды. Бұл жаңа спортшылардың жеңіс тұғырына шығуына мүмкіндік береді. Бұған қоса, 60 жастан асқан құрметті марафоншылар үшін Алматы марафонындағыдай жеке жас санаты бөлінген. Сөредегі тәртіп пен тазалыққа ерекше көңіл аударылады. Біз қалалық қызмет көрсету мекемелерімен және бизнес өкілдерімен жүгіру жарысынан қалған қалдықтарды қайта өңдеуге жіберу туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз өзіміздің тұрақты серіктесіміз A’SU брендімен марафон кезінде дәл осындай жұмыс атқардық. Осының арқасында арнайы урналарға 482 келі пластик жинай алдық. Біздің пікірімізше, бұл жақсы үлгі және оны келесі ірі сөрелерді өткізу мен жетілдіру үшін негізге алған дұрыс», - дейді  Әлемдік жартылай марафон 2018 чемпионатының қатысушысы, Алматы марафоны ұйымдастырушысы Артем Якупов.

Қатысуға тіркелу және төлеу http://www.almaty-marathon.kz/ru/ сайтында 2018 жылғы 30 шілдеден 7 қазанға дейін жалғасады.  Қатысушылардың ең жоғарғы саны 5000 адамға жеткенде тіркеу мерзімінен бұрын жабылуы мүмкін.

Сөре жарнасы:

21 км жартылай марафон қатысушылары үшін  – 6000 теңге. Бұл сомаға брендтелген футболка кіреді.

10 км жүгіру жарысына қатысушылар үшін  - 4000 теңге.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля