14 шілде 2018

14 шілдеде «Атакент» ҚІЫО аумағында Жүгіруден жазғы маусымдық сайысы өтті. Шара жыл сайынғы халықаралық Алматы марафоны аясында ұйымдастырылған. Аптап ыстықтан тайсалмаған 1000 батыл спортшы сөреге шығып, өз қашықтықтарын ойдағыдай еңсерді.

14 шілдеде «Атакент» ҚІЫО аумағында Жүгіруден жазғы маусымдық сайысы өтті.  Шара жыл сайынғы халықаралық Алматы марафоны аясында ұйымдастырылған. Аптап ыстықтан тайсалмаған 1000 батыл спортшы сөреге шығып, өз қашықтықтарын ойдағыдай еңсерді.

 

Балаларға арналған қашықтықта (3 км) Данил Породнов және Адия Қадырова ең жүйрік деп танылды.  Данил қыздар арасындағы жеңіпаз Адиядан небәрі 2 минутқа басып озып,  11 минут 16 секунд нәтижесімен мәреге жетті. Бірінші орын үшін нағыз дода негізгі 12 шақырым қашықтыққа жүгірушілер арасында болды. Ерлер мен әйелдер арасынан жеңіпаздар үштігі тек естелік сыйлықтар үшін ғана емес, сонымен бірге 200 000 теңге көлемінде ақшалай жүлде үшін бақ сынасты. Бұл сыйды төмендегі жеңіпаздар бөліп алды:

Ерлер арасынан:

1 орын - Михаил Красилов

2 орын - Ержан Джанарстанов

3 орын - Георгий Шейко

Әйелдер арасынан:

1 орын - Аида Естерекова

2 орын – Екатерина Шатная

3 орын - Альфия Бекмансурова

Жарыс нәтижесін Алматы марафон сайтынан көре аласыздар.

Екатерина Шатная жүгірумен 20 жыл айналысып келеді. Ол бірде бір жүгіру жарысын қалт жібермеген. «Алматыда осындай жарыстардың жүйелі түрде өтуі қуантады. Себебі, әр жарыс сені тонуста ұстап қана қоймай, жігер және қайрат береді. Сонымен қатар, мен көптеген халықаралық спорт шараларының белсенді қатысушысымын. Жүгіру мен триатлон жарыстарына көбінесе ат салысамын. Жазғы жүгірістің ерекшелігі - жаңа жол бағытында болды. Ерекше бағдар ерекше әсер береді. Сол үшін көп рахмет! Осындай жақсы тосын сыйлар көп болып тұрсын!».

«Нағыз атлеттер үшін жаттығу немесе жарысқа қатыспауға сылтау табылмайды. Әрине, Алматының ыстық жазында спортшыларды қуатты үнемдейтін тәртіпке көшуге немесе температураны есепке алатын жаттығу түрлерін іздеуге тура келеді. Біз де ыстық ауа-райына орай, сөрені жарты сағат бұрын бастау туралы шешім қабылдадық. Бұл -  спортшылар күн астында ұзақ уақыт бойы жүрмеуі үшін қабылданған шара. Дегенмен, спорттың кең таралуы ерекше қуантады. Қатысушылар ештеңеге қарамастан жүгіру қашықтығын еңсеру үшін сөреге көтеріңкі көңіл күймен дайын шықты»,- дейді Алматы марафоны директоры Салтанат Қазыбаева.      

Алматы марафоны командасы жыл соңына дейін бірқатар жүгіру, триатлон және веложарыстарын өткізу жоспарлап отыр. Тамыздың 4-5 күндері алғаш рет Алматы Триатлон Федерациясы мен Алматы марафоны бірлесе ұйымдастырып жатқан триатлон бойынша Азия кубогы өтеді. 19 тамызда Tour of World Class Almaty веложарысы, одан кейін 15-16 қыркүйекте пауэрлифтинг бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді. Жүгіру сайыстары қазанда жалғасып, күзде жартылай марафон, Әйелдердің және Күзгі жүгіру жарыстары өтеді.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля