27 тамыз 2018

Қыркүйек жылы жаздан кейін әркім үшін қызу жұмыстың басталуын білдіреді. Жазғы демалыс күндерін саяжайда, қала сыртында немесе су алабы мен теңізде көңілді өткізуге болатын еді. Ал, мектеп және студенттік шақтарда оқу мерзімінің басталуы бізді қыркүйекті жаңа жоспар, мақсаттар құрып, жұмыс істеу мен жаңаға үйренуге дайындықпен қарсы алуға дағдыландырды.

1қыркүйекте Алматыдағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент атындағы Саябақта 14 қазанда өтетін Алматы жартылай марафонына дайындық аясында ашық жаттығулар қайта басталмақ. Жаттығулар әр сенбі сайын таңғы сағат 10.00-да өтеді. Оған физикалық дайындығына қарамастан кез келген адам қатыса алады.

Ашық жаттығуларды қайтадан World Class Almaty жүгіру мектебінің жаттықтырушысы, коньки тебу спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Еуропа кубогының екі дүркін жүлдегері, ҚР коньки  тебу спорты бойынша төрт дүркін жеңіпазы Никита Осадчий өткізеді. Никита осы жазда халықтық «Сенің басқа қырың» челленджі шеңберінде алматылықтардың өзге қырларын ашуға, яғни спортпен айналысуына, мықты, дені сау болуына үлес қосты.

Жүгіру техникасын жетілдіру, дамыту мен үйрету мақсатында жаттығулар үшін арнайы бағдарлама дайындалды.

Сіздерді жаттығуларда күтеміз!  Сонымен бірге, жартылай марафонда сәттілік тілейміз!

Сайтқа кіру
Восстановление пароля