11 тамыз 2021

Қазір елімізде ауру деңгейінің өсуі байқалуда. Бұл барлық ережелер мен шектеулер ескерілгеннің өзінде ауру жұқтыру қаупі сақталатындықтан, 12 қыркүйекте толыққанды марафон өткізуге кедергі келтіреді.

 Біздің марафонды өткізу күнін 2 аптаға кейінге қалдыру, нақтырақ айтқанда, 26 қыркүйекке ауыстыру жөніндегі шешімімізге келісім берілді — осы уақытқа қарай ауырған адамдар санының азаюы күтілуде.

Төменде қатысушылардың қоюы мүмкін сұрақтарына жауап береміз.

Менің сөрелік жарнам не болады?

Барлық сөрелік жарналар автоматты түрде жаңа күнге ауыстырылады.

26 қыркүйекте қатыса алмаймын, не істеуге болады?

Егер Сіз 2021 жылғы 26 қыркүйекте «Алматы марафонына» қатыса алмайтын болсаңыз, өз қатысуыңызды 2022 жылғы «Алматы марафонына» ауыстыра аласыз.

Бұл үшін сайттағы жеке кабинетіңізде «Ауыстыруды рәсімдеу» түймесін басып, өтінім қалдырыңыз. Ауыстыруға өтінімді 2021 жылғы 16 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) беру қажет. Ауыстыру тек сол қашықтыққа ғана рәсімделеді.

Қайтару және ауыстыру түймелері сайтта 16 тамыздан (дүйсенбі) бастап қолжетімді болады.

Ақшамды қайтарғым келеді.

Егер Сіз «Алматы марафонына» қатыса алмайтын болсаңыз және 2022 жылға ауыстырғыңыз келмесе, сөрелік жарнаны 100% қайтаруды рәсімдей аласыз.

Бұл үшін сайттағы жеке кабинетіңізде «Қайтаруды рәсімдеу» түймесін басып, өтінім қалдырыңыз. Қайтаруға өтінімді 2021 жылғы 16 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) беру қажет. Ақша картаға 4 қазаннан 10 қазанға дейін қоса алғандағы кезеңде қайтарылады.

Қайтару және ауыстыру түймелері сайтта 16 тамыздан (дүйсенбі) бастап қолжетімді болады.

Егер мен қайтаруды немесе 2022 жылға ауыстыруды рәсімдесем, сатып алған футболканы (лонгсливті) не істеймін?

Егер Сіз қайтаруды рәсімдесеңіз, Сізге футболканың құны да қайтарылады.

Егер Сіз ауыстыруды рәсімдесеңіз, келесі жылы 2022 жылғы «Алматы марафонының» футболкасын аласыз. Биылғы жылы сатып алынған футболка алынып тасталады. Алайда мұның артықшылықтары да бар – келесі жылы қатысу құны мен футболканың бағасы жоғарырақ болса да, қосымша ақы төлеу қажет болмайды.

Мен тіркелдім, бірақ қатысу ақысын төлеген жоқпын. 26 қыркүйекте жүгіру үшін мен не істеуім қажет?

Сіз 2021 жылғы 26 қыркүйекте «Алматы марафонына» қатысқыңыз келсе, өз ID нөміріңіз бойынша қатысу ақысын төлесеңіз болды. ID нөмірі Сізге тіркеуден өткеннен кейін берілді. Оны өзіңіздің электронды поштаңыздан немесе almaty-marathon.kz сайтындағы жеке кабинетіңізден таба аласыз.

Қатысу ақысын Kaspi.kz қолданбасы арқылы немесе банк картасының көмегімен сайтта төлеуге болады.

 

Сұрақтарыңыз қалды ма? Бізге info@almaty-marathon.kz адресіне жазыңыз.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля