Ғалымжан Есенов

«Бірінші болу — батылдық» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы

«Алматы марафоны» негізін қалаушы., ОО Almaty Triathlon Federation" ҚБ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі


Қазақтың көрнекті ғалымы және саяси қайраткері, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы Шахмардан Есеновтың ісін жалғастырып келе жатқан Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының бастаушысы және негізін салушы.


«Еуразия нарық институты» Экономика және басқару академиясын «Экономика және менеджмент» мамандығы, КАЗГЮУ университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша және Бут атындағы Бизнес мектебін (The University of Chicago Booth School of Business) Executive MBA бағдарламасы бойынша тәмамдады.


«Дом мамы» қайырымдылық жобасының қатысушысы.
«YPO Kazakhstan» ұйымының мүшесі.


Г.Есенов - жүгіру старттары мен триатлондық әуесқойлық старттардың тұрақты қатысушысы.


Википедиядағы zakon.kz

Айжан Есім

«Бірінші болу — батылдық» КҚ-ның қамқоршылық кеңесінің мүшесі
«Алматы марафоны» негізін қалаушы және бастамашысы.


Акад. Шахмардан Есенов ат. ғылыми-білім беру қорының қамқоршылық кеңесінің және «Сен басқасың» КҚ-ның төрағасы.


Халықаралық бизнес және маркетинг (European Business School) бойынша ВА дәрежесіне, маркетингтік коммуникациялар (University of Westminster) бойынша МА дәрежесіне, «Жаһандану шарттарындағы халықаралық диалог» бағыты («Сорбонна — Қазақстан» институты) бойынша магистр дәрежесіне ие. Абай ат. ҚазҰПУ-ін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдады.


Қазақстанның аумағында бизнес-жобалар мен стартаптарды бастау, дамыту және алып жүрумен айналысатын экономиканың түрлі секторларындағы компаниялар тобының инвесторы.

Дмитрий Баландин

«Бірінші болу — батылдық» КҚ-ның қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Қазақстандық жүзгіш, 200 метрге брасс әдісімен жүзуден 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының үш мәрте чемпионы, 2015 жылғы Универсиада жеңімпазы. 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Қазақстан рекордсмені, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері (2016). Тарихта алғаш рет жүзуден Олимпиада алтынын жеңіп алған Қазақстан өкілі.


Википедиядағы профилі

Александр Винокуров

«Бірінші болу — батылдық» КҚ-ның қамқоршылық кеңесінің мүшесі

Қазақстандық кәсіпқой велошабандоз, 2006 жылғы Олимпиада чемпионы, Гранд-турдың «Испания Вуэльтасы» топтық жарысында 2012 жылғы чемпион, «Париж-Ницца» және «Льеж-Бастонь-Льеж» жеңімпазы, 2009 жылғы Азия чемпионы, 2005 жылғы Қазақстан чемпионы.


Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері (1994).
2013 жылдан бастап – «Astana Pro Team» велокомандасының бас менеджері.
Гавайи аралында өткен Ironman-2019 әлем чемпионатының жеңімпазы.
«Парасат» (2000) ордені және «Барыс» (2006) орденімен марапатталған


Википедиядағы профилі

Юрий Мельниченко

«Бірінші болу — батылдық» КҚ-ның қамқоршылық кеңесінің мүшесі


Грек-рим стиліндегі қазақстандық балуан, жаттықтырушы, екі мәрте Азия чемпионы (1996, 1997), екі мәрте әлем чемпионы (1994, 1997), Олимпиада ойындары чемпионы (1996).
Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы. Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер (2004).


Википедиядағы профилі

Валихан Тен

«Бірінші болу — батылдық» КҚ-ның қамқоршылық кеңесінің мүшесі


Пауэрлифтингтен Еуропа чемпионы, бодибилдингтен ҚР чемпионы, пауэрлифтингтен Әлем мен Азияның екі дүркін чемпионы, WorldClass конвенцияларының ұсынушысы (Мәскеу), InterSport (Мәскеу), Nike (Алматы), Les Mills сертификатталған нұсқаушысы, көп дүркін Ironman, «Другой ты!» кітабының авторы. Кітап «Манн, Иванов и Фербер» баспасымен басылып шығып, 2015 жылы ТМД елдерінде сатылымда бестселлер болды.


«Almaty Triathlon Federation» ҚБ қамқоршылар кеңесінің мүшесі, WRPF ресми өкілі.
World Class Almaty бас директоры.
«Қазақстанның біріккен ММА федерациялар қауымдастығы» ЗТБ және «Аралас жекпе-жектен біріккен Қазақстан ММА федерациясының» РҚБ бас директоры (12.2018 - 03.2020).
2019 жылдан бастап Алматы қаласы әкімінің спорт жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі.
Сен басқасың челленджінің негізін қалаушы.
#Сен баcқасың мультиспорттық арнасының қамқоршылар кеңесінің мүшесі.

Ольга Шишигина

Ольга Шишигина – жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы және Қазақстан спорт әлемінің иконасы. Ольга – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері және жабық үй-жайларда 100 метрге кедергілермен жүгіруден әлем чемпионы.


• 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарына қатысып, ерекше төзімділік танытқан.


• 1994 жылы Хиросимада (Жапония) және 1998 жылы Бангкокта (Тайланд) өткен Азия ойындарының екі дүркін чемпионы.


• Ольга Шишигина талантты спортшыларды қолдайтын «Бірінші болу – батылдық» қорының қамқоршылық кеңесіне қосылды. Оның тәжірибесі мен көшбасшылық қасиеттері Қазақстан спортының дамуына септігін тигізеді және жас атлеттер үшін шабыт көзі бола алады.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля