18 сәуір 2024

Алматы жартылай марафонының Ұйымдастыру комитеті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні, 2024 жылғы 21 сәуірде жолдардағы қозғалыстың ішінара жабылатыны туралы хабарлайды.

21 сәуірде жартылай марафон өткізілетін уақытта сағ. 00:00-ден 11:00-ге дейін жартылай марафон қашықтығы өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.

Жартылай марафон сөресі таңғы сағ. 7:00-де Тұңғыш Президент саябағында беріледі. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс 21 сәуір күнгі сағ. 00:00-ден 11:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік жағы ашық болады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 6:45-тен 09:10-қа дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Сейфуллин даңғылында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:10-тан 08:30-ге дейін толық жабылады.

Абай даңғылының оңтүстік жағында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 8:10-тан 10:40-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Абай даңғылының оңтүстік жағында Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:20-ден 09:00-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Саин көшесінің шығыс жағында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 08:00-дан 09:40-ға дейін жабылады. Батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.

Алматы жартылай марафоны 2024 жарысы (21.04.2024) үшін жолдарды жабу кестесі

 

сағ. 00:00-ден бастап 11:00-ге дейін

Әл-Фараби даңғылы (Мұстафин көшесінен бастап Навои көшесіне дейін)

Оңтүстік жағы ашық болады.

сағ. 06:45-тен 09:10-ға дейін

Әл-Фараби даңғылы (Мұстафин көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін)

Оңтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық

сағ. 07:10-нан 08:30-ға дейін

Сейфуллин даңғылы (әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін)

сағ. 08:00-ден 09:40-қа дейін

Саин көшесі (әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін) 

Батыс жағы а/к қозғалысы үшін ашық болады.

сағ. 08:10-нан 10:40-қа дейін

Абай даңғылы (Саин көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейін)

Солтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық болады.

сағ. 07:20-дан 09:00-ге дейін

Абай даңғылы (Сейфуллин көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейін)

Солтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық болады.

Тұңғыш Президент саябағына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:

1)Мұстафин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

2)Садықов көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

3)Дулати көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

4)Саин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

5) Әбіш Кекілбайұлы көшесі арқылы Үлкен Алматы өзенінің бойымен. 

Жолдардың жүктелу деңгейінің жоғары болуына байланысты қатысушыларға жарыстың басталу орнына (Тұңғыш Президент саябағы) әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін автобуспен жетуге кеңес береміз. Жолдардың жабылуын ескере отырып, сөре орнына автокөлікпен жетудің оңтайлы маршрутын 2ГИС қолданбасында құруға болады. Сөре қалашығы (Тұңғыш Президент саябағы) мен мәре қалашығының (Орталық стадион) жанында көлікті тұраққа қою мүмкін болмайтынына назарларыңызды аударамыз.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 21 сәуірде (жексенбі) Алматыда жыл сайынғы Алматы жартылай марафоны өтеді. Биылғы жылы жартылай марафон осымен жетінші рет өткізілмек. Сөреге 8000 спортшы мен әуесқой жүгіруші шығады. Биыл Almaty Half Marathon аясында Virtus World Half Marathon & 10K Road Race Championships – интелектуалды дамуында ерекшеліктері бар спортшылар арасында жүгіру бойынша әлем чемпионаты өтеді. Чемпионатқа 8 елдің спортшылары қатысады: Қазақстан, Швеция, Испания, Қытай, Польша, Жапония, Болгария және Португалия. Қазақстан осы беделді жарысты Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткізетін болады.

Сөре уақыты:

07:00 – 10 км және скандинавиялық жүріс қашықтығының сөресі.

07:40 – 21 км қашықтығының, Элита және Экиден эстафетасының сөресі.

Almaty Half Marathon ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, Krida» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля