11 ақпан 2021

«Алматы марафоны» неліктен басқа күнге ауыстырылды?

«Бірінші болу – батылдық» КҚ «Алматы марафоны» жарысының өткізілу күнін келісу туралы сұрауына Ж.Бекшиннің қолымен бекітілген Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми жауабын алуына байланысты «Алматы марафоны» 2021 жылдың 12 қыркүйегіне ауыстырылды.  

 «Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның алдын алу және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету жөніндегі одан әрі шектеу шаралары туралы» 31.01.2021 жылғы № 3 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (зияпаттар, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде өткізуге және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін бұл іс-шараны Алматы қаласында өткізуді ерте деп санаймыз».

 

Биыл «Алматы марафоны» өтеді ме?

Біз «Алматы марафонын» 2021 жылдың 12 қыркүйегіне ауыстырдық. Осы кезеңге қарай біз жаппай вакцинацияға байланысты Covid-19 вирусының төмендеуін болжап отырмыз. Сондай-ақ, күзге дейін «Бірінші болу — батылдық» КҚ қауіпсіздіктің барлық санитариялық нормаларын сақтай отырып, қатысушылар аз жиналатын жарыс өткізеді.

 

Менің сөрелік жарнаммен не болады?

Қатысушылардың барлық сөрелік жарналары автоматты түрде жаңа күнге ауыстырылады. Сіздің тіркеуіңіз жарамды болып қалады. Біз сіздерді 2021 жылдың 12 қыркүйегінде күтеміз.

 

Сөрелік жарнаны қайтара аламын ба?

Иә, «Алматы марафоны» 2021 жарысының сөрелік жарнасын 2021 жылғы 14 ақпан (жексенбі), сағат 23:59-ға дейін төлеген барлық қатысушылар қайтара алады.

Ол үшін сізге сайттағы жеке кабинетте өтінім беру қажет:

1.    «Менің жүгірулерім» бөліміне өтіңіз, «Алматы марафоны» іс-шарасын таңдаңыз, «Қайтаруды рәсімдеу» батырмасын басыңыз.

2.    Өтінімді рәсімдеумен келісіңіз.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қайтару 01.04.2021-09.04.2021 ж. аралығында «Алматы марафоны» 2021 жарысының сөрелік жарнасын төлеген картаға жүргізіледі.

«Алматы марафоны» 2021 жарысының сөрелік жарнасын Qiwi терминал арқылы төлеген қатысушыларға, қайтару «Бірінші болу – батылдық» КҚ кеңсесінде 01.04.2021-09.04.2021 ж. аралығында қолма-қол ақшалай жүргізіледі.

 

«Алматы марафонына» тіркелу кезінде жеңіл жейде / лонгслив сатып алу үшін ақы төлеген болсам, төленген ақшаны қайтара аламын ба?

Қайтаруға өтінім берген қатысушыларға жеңіл жейде / лонгслив үшін төлемді, сондай-ақ сөрелік слотты басқа қашықтыққа ауыстырғаны үшін төлемді қоса алғанда, барлық енгізілген сома автоматты түрде қайтарылады.

 

Мен тек сөрелік жарнаның құнын қайтарып, жеңіл жейде / лонгслив сатып алуды қалдыра аламын ба және керісінше жасай аламын ба?

Өкінішке орай, жоқ. Қайтару өтінімін өңдеу кезінде, сізге енгізген қаражатыңыздың 100%-ы есептелетін болады.

 

«Алматы марафон» 2021 жарысына тіркеле аламын ба?

Иә, «Алматы марафонына» тіркелу рәсімі 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін немесе қатысушылар саны 17 000 адамға жеткенге дейін ашық болады.

 

Атаулы нөмірді қалай алсам болады?

2021 жылдың 4 қаңтарынан 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі аралықта тіркелген барлық қатысушыларға атаулы нөмірлер беріледі.

 

Тегін ашық жаттығулар жалғасады ма?

Иә, «Алматы марафонының» басталуына дейін енді көп уақыт бар болса да, жаттығуларды кейінге қалдыруға негіз жоқ.

Алматыдағы ашық жаттығулар, әдеттегідей, дүйсенбі және жұма күндері өтеді. Барлық ниет білдірушілер келесі сілтеме арқылы өтіп, жаттығуға дейін бір күн бұрын тіркеуден өтуі керек: https://docs.google.com/forms/d/18fWqjSURxblx6DkA2Z8QxR3nnF7bw6yq5Qn88l-5mV4/edit?chromeless=1

 

Менің сөрелік жарнамды басқа адамға қайта рәсімдеуге бола ма?

Жоқ, мұндай опция мүмкін емес. Сіз сөрелік жарнаңызды толықтай қайтарып алып, содан кейін жаңа қатысушыны тіркей аласыз.

 

Мен өзімнің сөрелік жарнамды «Бірінші болу — батылдық» КҚ-ның басқа іс-шарасына ауыстыра аламын ба?

Жоқ, мұндай опция мүмкін емес.

 

Сұрақтарыңыз қалды ма?

Бізге info@almaty-marathon.kz мекенжайына жазыңыз немесе әлеуметтік желілердегі Almaty marathon аккаунттарына жеке хабарлама қалдырыңыз.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля