01 ақпан 2021

Дәстүр бойынша 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап «Бірінші болу – батылдық» КҚ Алматыда ашық жүгіру жаттығуларын бастайды.

Барлық ниет білдірушілер алдын ала тіркелу арқылы қатыса алады.

Тұрақты жаттықтырушы «Алматы марафонының» амбассадоры, пейсмейкер, түрлі жүгіру жарыстарының қатысушысы, марафоншы Мәди Айтимов болады. Жаттығулар дүйсенбі және жұма күндері Атакент ҚІЫО саябағының аумағында, барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өтеді. 

Әр жаттығу алдында міндетті түрде тіркелу қажет. Жаттығуға жазылу, жаттығудан бір күн бұрын белсендіріледі және қатысушылар лимиті жиналғаннан кейін жабылады. Бір жаттығуға қатысатын қатысушылар саны шектеулі. 

Жаттығу күні барлық тіркелген қатысушылардың поштасына нақты геолокация көрсетілген хат келеді!

Сізде: бетперде немесе бафф, жүгіру жабдықтары, кроссовкалар, қолғаптар және су болуы керек.

Қатысу тегін!

Сайтқа кіру
Восстановление пароля