22 мамыр 2019

21-сәуірде жыл сайынғы Алматы марафоны өтті. 2019-жылы Орталық Азиядағы ең ауқымды спорттық шарада көптеген рекорд орнатылды. Біз 8-ші мәрте өткен жарыс жайында қызықты деректер жинадық.

  1. Биыл спорттық шараға 17 000 спортшы қатысты. Бұл - Қазақстандағы шағын қала, мысалы, Үшарал (Алматы облысы) немесе Зайсан (ШҚО) тұрғындарына тең көрсеткіш. Айта кету керек, ҚР осындай шағын қалалардың саны – 24.
  2. Сөреге спортшылар әлемнің 53 елінен келді. Салыстыра кетсек, Сочи Олимпиадасында (2014 жылғы) әлемнің 88 елінен барған спортшы қатысты. Ал, Сараевода 1984 жылы өткен қысқы Олимпиада ойындарына 49 ел қатысты.  
  3. Жалпы алғанда, спортшылар бірге 205 000 шақырымнан астам қашықтықты жүгіріп өтті. Қатысушылар бір біріне эстафетаны экватор айналасында тапсыратын болса, олар Жерді 5 мәрте айналып шығар еді.
  4. Трассаға жалпы көтерілу 456 метрді құрады. Демек, бұл марафонның әрбір қатысушысы әлемдегі ең биік ғимарат – Бурдж-Халифаның (оның биіктігі – 828 м) ортасына дейін жетті деумен бірдей.
  5. Алматы марафоны үшін жасатылған алқалардың жалпы салмағы - 2,4 тонна. Бұл – сусиырдың екі аналығының немесе бір ақ мүйізтұмсықтың салмағына тең.  
  6. Серіктес A’SU ұсынған ауыз судың жалпы мөлшері - 40 000 литр.  Орта есеппен алғанда бір адам күніне 2 л су ішетін болса, онда жоғарыда айтылған су мөлшері оған 55 жылға жетер еді.
  7. 88 кг макулатура жиналып, қайта өңдеуге жіберілді. Осыншама көлемді қайта өңдеу 1 760 л суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Осындай мөлшердегі макулатура 880 орам дәретхана қағазын шығаруға екінші шикізат бола алады.
  8. 2 сағат 28 минут 34 секунд – Алматы марафоны тас жолындағы рекордшы Зикрилло Маматкулованың 2019 жылы орнатқан уақыты осындай. Бұл әлемдік марафон рекордынан 27 минутқа баяу (2018 жылы Элиуд Кипчог Берлинде орнатқан).
  9. Әйелдер арасында 2019 жылы Алматы марафонында ресейлік Александра Каланова рекорд орнатты. Александраның уақыты (02:42:44) 2003 жылы Лондонда Пола Рэдклифф орнатқан әлемдік рекордтан 27 минут және 14 секундқа артық.
  10. Бірден екі қатысушы Гиннесс рекордын орнатуға өтінім берді. Польшадан келген әуесқой спортшы, саяхатшы Войцех Мачник «бір жылда түрлі елдерде жүгірген марафондардың ең жоғары саны» өтінімімен Гиннестің әлемдік рекордын бұзуға дәмелі. 2018 жылғы тамыздан бері ол 35 марафон жүгірген.
  11. Екінші өтінімді Австралиядан келген Alistair Kealty берді. Оның мақсаты – әлемнің 52 елінде 52 марафонды еңсеріп, әр қайсысынан рекорд орнату. Ол Алматыдағы марафонға резеңке шәркеймен қатысты.
Сайтқа кіру
Восстановление пароля