07 ақпан 2022

7 ақпанда «COPA RUN» 1000 метрге жүгіру жарысына тіркелу ашылды.

«COPA RUN» – «Алматы марафоны» үшін жаңа форматтағы жарыс, онда қатысушылар екі санатта: әуесқой спортшыларға арналған AGE және кәсіпқой спортшыларға арналған PRO санаттарында жарысатын болады.

«COPA RUN» жарысы 2022 жылдың 13 наурызында өтеді. Жарысқа 18 жастан асқан спортшылар қатыса алады.

Жарыс орны: Орталық стадион.

– Он жылдан астам уақыттан бері біз 10, 21, 42 шақырым қашықтықтарына жаппай жүгіру жарыстарын өткізіп келеміз және COPA RUN – біз бағындыратын жаңа шың, – дейді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева. – Бұл жарыстың ерекшелігі – әуесқой қатысушылар ҚР Жеңіл атлетика федерациясының нормативтеріне сәйкес жеңіл атлетикадан разряд ала алады. Алайда, 1 км оңай жарыс емес екенін түсіну қажет. Қатысушылар жоғары нәтиже көрсету әрі қашықтықты қауіпсіз жүгіріп өту үшін жақсы дайындалулары тиіс.

Жарыста бетперде тағу режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігі сақталады. Жарыс қалашығына кіру «ASHYQ» қосымшасы немесе QR кодын оқитын кез келген басқа қосымша арқылы жүзеге асырылады. Жарысқа жасыл және көк «мәртебедегі» қатысушылар жіберіледі. Суық тию немесе вирус белгілері бар қатысушылар үйлерінде қалулары тиіс. Мұндай спортшылар өз қашықтықтарын сауыққаннан кейін өздіктерінен жүгіріп өтіп, медальдерын кейінірек ала алады.

Іс-шараға тіркелу және ақысын төлеу almaty-marathon.kz сайтында өтеді. Қатысу құны 5 000 KZT құрайды. Тіркелу 7 наурызда немесе қатысушылар саны 600-ге жеткенде аяқталады.

Өз қашықтықтарын жүгіріп өткен барлық спортшылар мәреші медалін алады. Age санатында әр түрлі жас санаттарындағы ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздар үштігі медальдермен және мақтау қағаздарымен марапатталады. Pro санатындағы ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздар үштігі ақшалай сыйлықтарға ие болады. 

Сонымен қатар, 20 ақпанда өтетін Winter Run жарысына және Алматы жартылай марафонына (17 сәуір) тіркелу жалғасуда. Барлық жарыстарға тіркелу almaty-marathon.kz сайтында жүреді.

 

Жарыстың бас серіктесі: COPA RUN спорттық тауарлар дүкені.

COPA RUN ұйымдастырушылары болып: «Бірінші болу — батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш. Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры және мультиспорттық #Сеніңжаңақырың Youtube-арнасы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля