01 наурыз 2021

27-28 ақпанда Алматы қаласында «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырған көптен күткен «Winter Run» қысқы жүгіруі болып өтті.

Бұл – Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен ресми рұқсат алып өткізілген классикалық «оффлайн»-форматтағы бірінші жүгіру. Жарыс пандемия басталып, көпшілік шараларын өткізуге тыйым салынғаннан бері бір жылдай уақыт өткен соң алғаш рет болып отыр.

Пандемия кезінде онлайн жарыстар үйреншікті, тіпті танымал шараларға айналды. Сондықтан қысқы жүгіру онлайн-форматты да, оффлайн-форматты да қамтыды. Жарыс күндерінде «Алматы Арена» мұз сарайы аумағында жүгірген қатысушылармен бірге дәл осы уақытта бірнеше жүздеген атлеттер басқа қалаларда өз арақашықтықтарын онлайн-форматта жүгіріп өтті. Жарысқа қатысушылардың жалпы саны 2 000 адамға жуықтады. Спортшылардың таңдауына мына қашықтықтар ұсынылды:

- 11 км-ге жүгіру,

- 7 км-ге скандинавиялық жүру,

- 11 км-ге онлайн жүгіру.

– Соңғы зерттеулерге сәйкес, далада вирус жұқтыру ықтималдығы қоғамдық көлікке немесе кез келген жабық кеңістікке қарағанда бірнеше есеге төмен, - деп атап көрсетті «Бірінші болу -батылдық» қорының директоры Салтанат Қазыбаева. – Біздің жүгірулеріміз ашық ауада өтеді. Жүгірушілер трассада бір секундтай ғана кездесіп, әрі қарай жүгіреді. Ширату жаттығулары және кластерде сапқа тұру кезінде барлық қатысушылар медициналық маскада және бір-бірінен қауіпсіз қашықтықта болады. Сондықтан біз барлық қауіпсіздік шаралары сақталған жағдайда, мұндай оқиғалар вирус жұқтыру ошағы бола алмайтындығына сенімдіміз. Қалалық қызметтердің біздің өтінішімізге құлақ асып, оны қабыл алғандығына қуаныштымыз. Пандемия әлі де жалғасуда және біз жаңа жағдайларда өмір сүріп үйренуіміз қажет. Бірақ бұдан спорт пен салауатты өмір салты зардап шекпеуі тиіс.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық спортшылар мәреші медальдарын алды. 11 км қашықтыққа жүгірген ерлер мен әйелдер арасында әр жас санатындағы көшбасшылар үштіктері медальдармен, грамоталармен және серіктестер ұсынған сыйлықтармен марапатталды. Бірінші орындарды иеленгендер:

15-34 жас санатында:

Ислам Аманғос, Екатерина Сысоева;

35-49 жас санатында:

Геннадий Зеленский, Толқын Нурушева;

50-59 жас санатында:

Абдурашит Бахтиев, Қарлығаш Хайдаргалиева;

60+ жас санатында:

Михаил Сорокивский, Әлия Айтқазина.

Барлық нәтижелер сайтта жарияланды: https://www.almaty-marathon.kz/ru/results/

Естеріңізге сала кетейік, «Алматы марафоны» 2021 жылғы 11 сәуірден 12 қыркүйекке ауыстырылған болатын. Қатысушылардың сөрелік жарналары автоматты түрде жаңа күнге ауыстырылды, тілек білдірушілер қайтаруға өтінім қалдыра алады. «Алматы марафонына» тіркелу ашық. Ал 5 наурызда «Локация қаһарманы» қалалық онлайн-жүгіруіне тіркелу басталады.

 

 

Фото: Алексей Мальченко

Сайтқа кіру
Восстановление пароля