02 қараша 2020

«Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйі 1998 жылы 1 тамызда ашылды. Осы уақыттың ішінде мұнда 700-ден астам бала тәрбиеленді.

Есқожина Тұяқ Қазкенқызы – «Нұр» балалар үйінің негізін қалаушы, білім беру саласында 58 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Тұяқ Қазкенқызы жетім балалардың білім алу мүмкіндігін үйдің басты мақсаты дейді.

Балалар үйін мемлекет басшылыққа алған, бірақ жеке адамдар мен ұйымдардың қайырымдылық көмектері де бар.

Балалар мұнда әкімдіктердің, мектептердің, емдеу мекемелерінің, полицияның және туыстарының жіберуімен келеді. Тіпті балаларды мекеме қақпасының алдына тастап кеткен жағдайлар да кездесті. Кейбір балалардың туыстары бар және олар міндетті түрде демалыста немесе мереке күндері кездесіп тұрады.

Көптеген балалар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін де, білім алып, жұмыс істеп жүрсе де балалар үйіне келіп, «ата-аналары» мен тәрбиеленушілерге келіп тұрады.

2019 жылы бізге «Алматы марафонына» қатысушылардың бірі келіп, «Нұр» балалар үйі туралы айтып берді. Балалар үйінің аумағында олар футбол ойнаған үлкен бос алаң болған. Үлкен және ыңғайлысын салу үшін негізін қалаушылардың материалдық мүмкіндігі болмады. Дегенмен, жүгірушілердің бірінің арқасында біз «Нұрдағы» мәселе туралы білдік.

Алаңның аумағы өте үлкен болғандықтан, біз тек футбол алаңын ғана емес, сонымен қатар жүгіру, баскетбол және воркаутпен айналысатын алаң салуға шешім қабылдадық.

«Бұл «Алматы марафонының» ең үлкен қайырымдылық жобаларының бірі және біз «Нұр» балалар үйінің тәрбиеленушілері осы алаңда ойнай алатынына өте қуаныштымыз», - деді «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева. - Біз Тұяқ Қазкенқызы мен оның жолдасы Әнуарбек Сейітұлының жасаған істерін өте құрметтейміз. Олардың балалар мен жастарды тәрбиелеу мен білім беруге қосқан үлесі өте маңызды. Біз еңбектеріне бас иеміз және оларға және тәрбиеленушілерге мықты денсаулық пен «Нұр» балалар үйінің өсіп-өркендеуін тілейміз».

Жаңа орнатылған жабдықтар туралы толық бейне есепті мына жерден көруге болады: https://www.instagram.com/p/CGzk7r2IKsi/

Сайтқа кіру
Восстановление пароля