21 қазан 2019

9-қарашада Алматыда Сайран көлінде маусымдық outdoor-шара – Күзгі жүгіру жарысы өтеді.

Жүгіру жарысында 3 қашықтық ұсынылған:

  • 11 км (жүгіру): 15 жастан бастап қатысушыларға арналған негізгі қашықтық;
  • 11 км (скандинав жүрісі): 15 жастан бастап қатысушылар үшін;
  • 3 км (балалар қашықтығы): 10-14 жастағы қатысушылар үшін.

Күзгі жүгіру жарысы Санофи фармацевтикалық компаниясының бастамасымен Дүниежүзілік диабетпен күрес күні аясында  алтыншы мәрте өтеді.

– Зерттеулерге сай, бүгінде елімізде диабетке шалдыққандардың саны 340 мыңға жеткен. Ал, осыдан үш жыл бұрын олардың саны 260 мың болған еді. Қазақстандықтардың 92 пайызы екінші типті қант диабетіне шалдыққан. Бұл жағдайда емдеудің сәтті болуы адамның өзіне байланысты. Бұған дұрыс тамақтану мен диета, белсенді өмір салтын сақтау, дәрігерлердің кеңестеріне құлақ асу тәрізді шаралар кіреді. Осындай қалалық спорттық шараларды ұйымдастыру арқылы спортпен шұғылданудың қиын емес әрі қолжетімді екенін көрсетеміз. Диабетке кез келген жастағы адам шалдығуы мүмкін. Бұл аурумен өмір сүруге болады, бастысы, өз денсаулығыңыз бен өмір сүру қалпыңызды қадағалаған маңызды, - дейді «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры, Күзгі жүгіру жарысының ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева. 

Күзгі жүгіру жарысының ұйымдастырушылары -  «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және мультиспорттық #Сенің басқа қырың Youtube-каналы.

Маусымдық жүгіру жарыстарының бас серіктесі: Kaspi.kz.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля