09 сәуір 2019

Алматы жыл сайын өткізілетін ауқымды спорт мерекесіне дайындалуда. «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры әуесқой жүгірушілерді үлкен мәре – сегізінші Алматы марафонына шақыруда. Бұл жолы аса танымал спорттық шараға Қазақстан мен әлемнің 53 елінен 17 000 адам қатысады.

Алматы жыл сайын өткізілетін ауқымды спорт мерекесіне дайындалуда.  «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры әуесқой жүгірушілерді үлкен мәре – сегізінші Алматы марафонына шақыруда. Бұл жолы аса танымал спорттық шараға Қазақстан мен әлемнің 53 елінен 17 000 адам қатысады.

Kaspi.kz үшінші жыл қатарынан ауқымды іс-шараның бас серіктесі болып келеді. Бір жыл бұрынғы шараны еске түсірейік.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=8&v=_Qy3I2b4SDY

«Алматы Марафоны - Алматыдағы ең танымал, ауқымды спорттық шара. Биыл оған 17 мың адам қатысады. Біз үшінші жыл қатарынан қуаныш, мақтанышпен осы шараның демеушісіміз. Kaspi.kz миссиясы – өмірді жақсарту. Бұл мақсатқа жетіп, әрқайсысымыз жетістікке қол созу үшін деніміз сау болуы, позитивті және қуатты болуымыз керек! Бұл шараның тағы бір оң тұсы – қатысушылардың жарнасы қайырымдылыққа жұмсалады, жекелеп айтқанда дамуында ерекшеліктері бар балаларға арнап спорт алаңдарын тұрғызуға бөлінеді. Баршаңызға марафонның жақсы өтуін, денсаулық және ірі жетістіктерді тілеймін!»,  — дейді Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе.  

Бұл шараға сонымен бірге Kaspi.kz қызметкерлері де қатысады.

- Өз мүмкіндіктеріңді асырған кездегі эмоцияларды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бірінші жартылай марафонды 2 сағат 50 минутта жүгіріп өттім, енді нәтижені жақсарту үшін жұмыс істеймін, – дейді Kaspi.kz қызметкері Айгерім Сағындықова. 

Kaspi банкінде Қазақстанның барлық өңірінен 10 мың адам жұмыс істейді және көпшілігін спортқа деген сүйіспеншілік біріктіреді. Былтыр Strava қосымшасының өзінде Kaspi Ekiden жүгіру клубына 486  қатысушы тіркелген. Түрлі өңірдегі қыз-жігіттер бір-бірінің жаттығудағы нәтижелерін бақылап, жеңістерге ынталандырады. 

Алматы марафоны алдында Kaspi -дің барлық өңірлік бөлімшелерінде дәстүрлі сұрыптау жүгіру жарысы өтеді. Ең жақсы нәтиже көрсеткен 50 адам Kaspi атынан «Экиден» топтарында және жеке есепте жүгіруге қатысу құқығына ие болады. 

Биыл Kaspi.kz «Экиден» жарысына 3 команда шығарады.  Корпоративтік командалар құрамында қашықтыққа Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Атырау, Өскемен және Құлсарыдан Kaspi.kz қызметкерлері шығады.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля