16 қазан 2018

Күзгі жүгіру жарысы 10 қарашада Сайран көлінің жағасында өтеді және оған жүгіруді жақсы көретін 1000 адам қатысады.
Күзгі жүгіру жарысы биыл «Алматы марафонына» дайындық шеңберінде соңғы шара болмақ. Жарыс осымен бесінші мәрте өткелі отыр. 10 жастан бастап 14 жасқа дейінгі қатысушылар үшін 3 км қашықтық ұсынылса, ал 14 жастан ересек спортшылар 11 км қашықтықты жүгіру немесе скандинавиялық жүріс арқылы еңсеруі керек.

Күзгі жүгіру жарысы Бүкіләлемдік диабетке қарсы күрес күні аясында осы мәселеге ерекше назар бөлетін Санофи компаниясының қолдауымен өтеді. Биыл  Бүкіләлемдік диабетке қарсы күрес күні отбасы денсаулығына арналған.

- Дене шынықтыру және салауатты өмір салты – диабетті дәрі-дәрмекпен емдеуге және оның алдын алуға қосымша көмек. Халықаралық диабет федерациясының дерегіне сай, әлемде әр он бірінші адам қант диабетіне шалдыққан. Жүгіру жарысының бір міндеті – адамдарды аурудың қауіптері, оларды анықтау туралы хабардар етіп,  және бастысы, алдын алуға көмектесу. Жүгіру осы міндетті ойдағыдай орындап, жүгірушіні жан рахаты сезіміне бөлеуге септігін тигізеді, -дейді «Бірінші болуға батылдық» Корпоративтік қорының директоры, Күзгі жүгіру жарысының ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева.   

- Санофи компаниясы Күзгі жүгіру жарысына бірінші жыл қатарынан қолдау көрсетіп келеді. Бұл  - «Отбасы және диабет» атты тақырып ұранымен Бүкіләлемдік диабетке қарсы күрес күні қарсаңында Алматыда қайта өтіп отырған  маңызды спорттық шара. Диабеттің ықпалы, оны емдеу, алдын алу және ол туралы мәліметті кеңірек таратуда жақын адамдардың қолдау көрсетуі маңызды болғандықтан,  диабет туралы білу әр отбасы мүшесі үшін маңызды. Қазіргі уақытта әлемде 425 миллионнан астам адам диабетпен өмір сүріп жатыр. Олардың көбі 2-типтегі диабетке шалдыққан. Ал, аурудың бұл түрінің көптеген жағдайда жүйелі дене шынықтыру жаттығулары, пайдалы және үйлесімді тамақтану арқылы алдын алуға болады, - дейді Санофи Қазақстан Басқарма Төрағасы Ранга Веларатне (Ranga Welaratne).

Тіркеу бүгіннен бастап  http://www.almaty-marathon.kz/ru/ сайтында ашық және қатысушылар саны 1000 адамға жеткенге дейін ашық болады. Қатысушылар саны шектеулі болғандықтан, Ұйымдастыру комитеті тіркеуді кейінге қалдырмауға кеңес береді.   

Сайтқа кіру
Восстановление пароля