2023 жылғы 27 маусымда «Алматы марафоны» қайырымдылық бағдарламасы аясында «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорынан «Одиннадцать друзей Максима» командасына Flying Start racing Wheelchair жарыс арбаларын табыстау болып өтті. Бұл – 2022 жыл қорытындылары бойынша «Алматы марафоны» жүзеге асырған бесінші қайырымдылық жобасы.

«Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры «Одиннадцать друзей Максима» командасына Flying Start racing Wheelchair жарыс арбаларын табыстайды, бұл қозғалысы шектеулі адамдардың спорттық шараларға қатысу мүмкіндігін арттыруға жағдай жасайды.

2016 жылы «Одиннадцать друзей Максима» командасының жетекшісі Максим Виноградов арнайы жарыс арбасымен алғаш рет жыл сайынғы Алматы марафонына қатысты. Содан бері ол 42,2 км қашықтықты сәтті еңсеріп, жыл сайынғы шараның тұрақты қатысушысына айналды. Бірақ жарыс арбаларының қымбаттығына және Қазақстанда болмауына байланысты Максим осындай шаралардың қозғалыс мүмкіндігі шектеулі жалғыз қатысушысы болып табылады. Сондықтан жобаның негізгі мақсаты – әлеуметтік бейімделуге және инклюзивті спортты дамытуға қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдардың барынша көп санын тарту.

 «Біз «Одиннадцать друзей Максима» командасына жарыс арбаларын табыстағанымызды мақтанышпен жариялаймыз. Бұл қадам инклюзивті спортты дамытуға және мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге қосылған маңызды үлес болып табылады. Біз баршаға тең жағдай жасауға және кез келген кедергілерді еңсеруіне мүмкіндік беруге ұмтыламыз. Біз бәріміз бірлесе отырып, әлемді жақсарта түсеміз және әр адамға жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашамыз», – деді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева.

 «Біз бұл бағытта келе жатқанымызға сегіз жыл болды. 2015 жылы мен Асқар Төлеевтің Facebook желісінде жарияланған 2016 жылғы Алматы марафонына қатысуға ниет білдіріп отырғаны туралы жазбасын көріп, оған хабарластым. Асқар жауап беріп, марафонға қатысу үшін арнайы арба табуға көмектесуді ұсынды. Содан бері біз бірге жұмыс істеп келеміз, биылғы жылы Алматы марафонының арқасында «Одиннадцать друзей Максима» командасына арбалар алдық. Қорға инклюзивті спортты дамытып, жарыс арбаларын қоса алғанда, баршаға тең мүмкіндіктер жасағаны үшін шексіз алғысымды білдіремін», – деді «Одиннадцать друзей Максима» командасының жетекшісі Максим Виноградов.

«Kaspi.kz титулдық демеуші болып қана қоймай, жүгіруге және белсенді өмір салтына деген сүйіспеншілігі мен құрметін көрсете отырып, жүгіру шараларын белсенді түрде қолдайды. Баршаңызды тағы да құттықтап, алдағы іс-шараларда табыс тілегім келеді. Қазір көптеген адамдар, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар марафондарға және басқа да жарыстарға қатыса алатынына қуаныштымыз. Біз сондай-ақ өз қызметкерлерімізді де Алматы марафонының жүгіру жарыстарына тартуға тырысамыз. Осы команданың бір бөлігі екенімізді және бірлесіп осындай маңызды әлеуметтік істі атқарып жатқанымызды мақтан тұтамыз!» – деді Kaspi.kz корпоративтік мәдениет тобының басшысы Ольга Скоробогатая.

2022 жылы қайырымдылық көмек алушылардың бірі «Rehab Team» оңалту орталығы болғанын естеріңізге саламыз. Бұл орталық БМС (милық салдануға) шалдыққан балаларға заманауи оңалтуды ұйымдастырумен және жүргізумен айналысады. «Алматы марафоны 2022» қайырымдылық бағдарламасының арқасында орталық құнды жабдыққа ие болды, оның ішінде «American motion» фирмасының тұтқалары бар электрлік жүгіру жолы, жүруді үйрететін және аяқ функцияларын қалпына келтіретін электрлік жетегі бар балалар вертикализаторы, БСМ-мен ауыратын балаларды оңалтуға арналған «Адели» емдік жүктеме костюмі, омыртқа жотасы мен аяқ-қол бұлшықеттерінің функцияларын физиологиялық нормаға жақындатуға көмектесетін 5 түрлі өлшемдегі «Атлант» пневматикалық костюмі, сондай-ақ аяқтар мен денеге арналған үш өлшемдегі SWASH/СВОШ аппараты (ортез) бар. Бұл инновациялық құралдар оңалту процестерін жақсартуға көмектесіп, БСМ-мен ауыратын балалардың дамуына оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етті.

Бұдан бөлек, «Алматы марафоны 2022» қайырымдылық бағдарламасы аясында басқа мекемелерге де қолдау көрсетілді. Қаскелең қаласындағы ақыл-ой дамуы бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатта балалардың дене дамуы мен белсенділігіне септігін тигізетін work-оut алаңы салынды. Талғар қаласындағы Алматы облыстық шипажай үлгісіндегі мектеп-интернатта да work-оut алаңы мен қоршау салынып, балалардың спортпен айналысуына және көңіл көтеруіне қолайлы жағдай жасалды. Сонымен қатар, «Солнышко» балалар үйі жеке мекемесінде жаңа футбол алаңы салынып, тәрбиеленушілердің белсенді уақыт өткізетін және дене шынықтыру машықтарын дамытатын орнына айналды.

«Алматы марафоны 2023» қорытындысы бойынша қайырымдылық бағдарламасынан қайырымдылық көмек алушылар жақын арада жарияланады. Биылғы жылы қайырымдылық мақсаттарына бөлінетін қаражат алпыс миллион теңгеден асады. Қор қолдау көрсетілетін жобалар мен ұйымдарды анықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

«Алматы марафонының» бас серіктесі: Kaspi.kz

Титулдық демеуші: Sulpak, Oriflame және Under Armor.

Алматы марафонының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Jañalyqtar
Түркістан жүгірушілерді шақырады: Turkistan Marathon 27 қазанда өтеді
Almaty Marathon 2024: Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру оқиғасы қалай өтті
Almaty Marathon 2024: 29 қыркүйекте Алматыдағы жолдардың бір бөлігі жабылады