24 қаңтар 2022

24 қаңтарда «Winter Run» жарысына тіркелу ашылды. «Winter Run» 2022 жылдың 25 қыркүйегіне жоспарланған «Алматы марафонына» дайындықты бастайтын алғашқы маусымдық жарыс.

«Winter Run» жарысы 2022 жылғы 20 ақпанда өтеді. Жүгіруге 10 жастан асқан әуесқой спортшылар қатыса алады.

Жарыс орны: Нұрлы Тау БО, Әл-Фараби даңғылы бойында.

Қашықтықтары:

  • 10 км жүгіру (15 жастан жоғары)
  • 7 км Скандинавиялық жүріс (15 жастан жоғары)
  • 3 км (10-14 жас)

– 2021 жылы біз пандемия жағдайларында барлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, бірнеше қалалық жүгіруді ұйымдастыра алдық, - дейді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева. – Биылғы жылы бетперде режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажеттігі әлі де сақталады. Сөре қалашығына кіру «ASHYQ» қолданбасы немесе QR кодын оқитын кез келген басқа қолданба арқылы жүзеге асырылады. Жүгіруге жасыл және көк мәртебедегі қатысушылар жіберіледі. Біз суық тию немесе вирус белгілері бар қатысушыларға үйлерінде қалуға кеңес береміз. Мұндай спортшылар өз қашықтықтарын сауыққаннан кейін өздіктерінен жүгіріп өтіп, медальдарын кейінірек ала алады.

 

Іс-шараға тіркелу және ақысын төлеу almaty-marathon.kz сайтында өтеді. Қатысу құны: 10 км-ге жүгіру және 7 км-ге скандинавиялық жүріс қашықтықтары үшін – 5 000 KZT, 3 км балалар қашықтығы үшін – 4 000 KZT.  Тіркелу 16 ақпанда немесе қатысушылар саны 2 000-ға жеткенде аяқталады.

Өз қашықтықтарын жүгіріп өткен барлық спортшылар мәреші медалін алады. 3 шақырымға жүгірген қыздар мен ұлдар арасындағы және 10 шақырымға жүгірген әйелдер мен ерлер арасындағы жеңімпаздар үштіктері медальдармен, грамоталармен және серіктестер ұсынған сыйлықтармен марапатталады. 10 км қашықтыққа жүгірген ең жылдам мәрешілер сондай-ақ ақшалай жүлделерді өзара сарапқа салады.

2022 жылы «Бірінші болу – батылдық» КҚ дәстүрлі жарыстарды: қала тұрғындарының сүйіспеншілігіне бөленген Алматы жартылай марафоны (сәуір айы) мен «Алматы марафонын» (қыркүйек айы), сондай-ақ көптеген жаңа жүгірулерді, мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Жартылай марафонды (маусым айы), Copa Run қысқа қашықтықтарға жүгіруін (наурыз айы) және тауда жүгіретін жарысты (мамыр айы) өткізуді жоспарлап отыр. Барлық жарыстарға тіркелу almaty-marathon.kz сайтында жүреді.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля