27 мамыр 2019

2019 жылдың 22-маусымында Алматыдағы Almaty Arena кешенінде Жазғы жүгіру жарысы өтеді. Қатысушылар үшін 2 негізгі қашықтық ұсынылған: 12 км және 8 км скандинавиялық жүріс, сонымен бірге 3 км балалар қашықтығы.

Тіркелу Almaty-marathon.kz сайтында бүгіннен бастап ашық. Қатысу құны:

  • 12 км (15-34; 35-49; 50 жастан бастап;) – 3000 тг;
  • Скандинавиялық жүріс - 8 км (15 жастан бастап) – 3000 тг;   
  • 3 км (балалар қашықтығы:10 -14 жас) – 1000 тг;

Абсолютті есептегі ең жүйрік қатысушыларға 1-орын үшін 50 000 тг, 2-орын үшін 30 000 тг  және 3-орын үшін 20 000 тг көлемінде ақшалай куәліктер беріледі. Жас санаттарындағы жеңіпаздар серіктестерден сыйлық алады. Әр мәрешіге естелік алқалар беріледі.

- Жазғы жүгіру жарысының басталуы сағат 19.00-ге жоспарланған. Біз үшін қатысушылардың өздерін жайлы сезінгендері маңызды. Ыстықта жүгірген қиын, сол себепті біз жарысты кешке ауыстырдық. Бұл уақытта ауа температурасы төмендейді. Бұған қоса, қала кешінде жүгіру рахат сезімін сыйлайды, - дейді жүгіру жарысын ұйымдастырушы, «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қорының менеджері Борис Пен. – Бұған қоса биыл біз жаңа локация таңдадық. Жарыс көпфункционалды Almaty Arena кешені айналасында өтеді. Мұнда триатлоннан қала чемпионаты өтті, алаң осындай спорттық шараларды өткізуге қолайлы.

Негізі сөреден бөлек қатысушылар мен жанкүйерлер үшін сөре-мәре қалашығының сахнасында белсенді іс-шаралар дайындалады.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля