23-ақпанда Тұңғыш Президент Саябағында биыл бірінші мәрте Қысқы жүгіру жарысы өтеді. Сөреге 1 200 қатысушы шығады. Маусымдық жүгіру жарыстары – 2019 жылы 21-сәуірде өтетін «Алматы марафоны» ірі спорттық шарасына дайындық кезеңі.
«Қысқы жүгіру жарыстарына» қатысушыларға екі қашықтық дайындалған: негізгі – 10 км және балаларға арналған 3 км.
Жас санаттары:
10 км: 15-34 жас; 35-49 жас; 50+.
3 км: 10-14 жас.
Сөре уақыты:
09.00 - 3 км қашықтыққа жүгірудің басталуы
09.30 - 10 км қашықтыққа жүгірудің басталуы
Жеңіпаздар өз жас санаттарында марапатталады. Сонымен бірге абсолютті жеңіпаздарды да марапаттау қарастырылған. Әр қатысушыға мәреші медалі беріледі.
Қатысушыларды тіркеу 2019 жылғы 28-қаңтарда сайтта ашылып, 2019 жылғы 17-ақпанда аяқталады.
Бұған қоса, Тұңғыш Президент Саябағында 2-ақпаннан бастап «Алматы марафонына» дайындалу аясында жүгіруден кәсіби жаттықтырушы Игорь Немовчаның ашық жаттығулары басталады. Жаттығулар әр сенбі сайын таңғы сағат 10.00-де өтеді. Қатысу тегін.
Бас серіктес – Kaspi.kz.
«Қысқы жүгіру жарысының» ұйымдастырушылары – «Бірінші болу - батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы және академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.