14 мамыр 2018

Қазақстанда алғашқы рет әйелдер арасында триатлон бойынша ашық чемпионаты өтеді

Қазақстанда алғашқы рет әйелдер арасында триатлон бойынша ашық чемпионаты өтеді

18 жастан жоғары болған 60 қазақстандық әуесқой-триатлешілер GRACE RACE-2018 сыйақысы үшін күресте кездеседі. Алматы триатлон федерациясымен ұйымдатырылған (АТФ) Алматының кележатқан  ашық чемпионаты дәл осындай зор үнді атауға ие.  Indoor (жабық жайларда) форматындағы старттар маусымның 3 күні таңғы 9-да оңтүстік астананың бас фитнес клубы World Class Almaty өтеді. Қатысушылар «Супер-спринт» дистанциясының үш кезеңінен өтуі керек: 400 м – жүзу, 10 км – велокезең,     3 км – жүгіру.

- Біздің чемпионатымыздың негізгі мақсаты – әйелдер арасында триатлонды әйгілі ету, - деп АТФ атқарушы директоры Когай Руслан айтып өтті. - Біз гендерлік теңдікті жалпы алғанда спортта және атап айтқанда триатлонда теңестірудің беделді миссиясымен алға шықтық. Бұдан басқа, федерациямызда салауатты өмір салтын насихаттау және осы динамикалық спортты әйгілі ету сияқты дәстүрлі мақсаттарымыз да бар. 3-ші маусым күні біз жүзу, жүгіру және велоспорт сияқты  барлық циклдық спорт түрлерін ұнататын қыздарды күтеміз. Біздің чемпионатта қыздар өздерінің  нақты күштерін анықтаумен қатар, үздік жаттықтырушылардың қажетті кеңестерін алу мүмкіндігіне ие болады. Чемпионатқа тіркелу 2018 жылдың 28 мамырына дейін (немесе қатысатын саны 60 спортшы-қыздар  тіркелу лимиті толғанға дейін) «Алматы марафон» бірлесіп ұйымдастырушылар сайтында жүреді.

Чемпионат жайлы толық мәлімет үшін төмендегі ережемен танысыңыз.

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмерінен алуға болады: +7 727 346 85 64

Сайтқа кіру
Восстановление пароля