10 сәуір 2018

2018 жыл сәуірдің 8 күні Алматы қаласында дуатлон бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты болып өтті. Бұл жас Алматы триатлон федерациясының (АФТ) республикалық масштабтағы алғашқы іс-шарасы.

2018 жыл сәуірдің 8 күні Алматы қаласында дуатлон бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты болып өтті. Бұл жас Алматы триатлон федерациясының (АФТ) республикалық масштабтағы алғашқы іс-шарасы.

Duathlon – грек сөздерінің туындысы («du» - екі және «athlon» - бәсекелестік, күрес) болып, үш кезеңнен тұратын спорт түрі.

Бірінші кезең – жүгіруден тұрады, одан кейін шоссе бойлап веложарыс және қайтадан жүгіру. Кезеңдер өзгеруі транзит аймағында өтеді, онда әрбір спортшының жабдықты сақтауға арналған орны бар.

Қазақстан чемпионатында атлеттер (еліміздің алты аймағынан 140 адам) екі тәртіп бойынша жарысты: «Дуатлон-спринт» (5 км жүгіру, 20 км веложарыс, 2.5 км жүгіру) және «Дуатлон-суперспринт» (2 км жүгіру, 8 км веложарыс, 1 км. жүгіру).

Қатысушылар екі үлкен санатқа бөлінді: PRO (жас санатына сәйкес спортшылар: U15, U17, U19, U23, Elite), сондай-ақ 18-60 жас аралығындағы әуесқойлар (AGE).

Чемпионат басы жаңбыр астында өтті. Алайда, көптеген қатысушылар тіпті осылай болғанына қуанды: ыстықта жүгіруден  гөрі, осы жақсы. Дегенмен, нашар ауа райы трасса және жарыстың ұйымдастырылу сапасына әсер етпеді.

- Ел чемпионаты алғаш рет Алматыда өтті, бірақ ұйымдастырушылар осы іс-шараны өткізуді орындай алды, - деді бас төреші Сергей Геннадиевич Кобзев (ОҚО). – Ендеше, Алматы триатлон федерациясы жоғары деңгейдегі жарыстарды жақсы өткізе алады деп ойлаймын.

- Бұл чемпионатта жаттықтырушылар үшін көп жұмыс бар, - деді АФТ атқарушы директоры Руслан Когай. - Өйткені ұлттық құрамаға үміткерлер үнемі таңдалады. Сондықтан бәсекелестіктің жоғары мәртебесі жас болашақ қатысушылардың көп санын жинауға мүмкіндік берді.

Чемпионаттың жеңімпаздары болып табылғандар (жас санаты, уақыты):

Асатбек Нарметов (U15) - 00.29.30 (Оңтүмтік Қазақстан обл.)

Тимур Баймурат (U17) - 00.29.05 (Алматы обл.)

Владислава Артюшенко (U17) - 00.32.43 (Алматы)

Дарын Конысбаев (U19, U23) - 01.01.56 (Алматы обл.)

Анастасия Маврина (U19 U23) - 01.22.18 (Батыс-Қазақстан обл.)

Максим Крят (Elite) - 01.01.52 (Астана)

Газиза Кумакбаева (Elite) - 01.20.38 (Алматы)

Чемпионаттың абсолюттік сынақ  жеңімпаздары (AGE санаты) болып табылғандар:

Никита Федотковских – 01.03.55

Екатерина Шатная – 01.16.22.

Медальдардан тыс, бұл спортшылар 120 000 теңге сомасына ақша сертификаттарын алды.

Чемпионат ұйымдастырушылары:

Алматы қаласы әкімдігі, Алматы триатлон федерациясы, Қазақстан триалон федерациясы, «Алматы Марафон», World Class Almaty.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Дуатлон бойынша жарыстар Қазақстан мен Астана қалаларында бірнеше рет өткізілді. Биылғы жылы чемпионаттың мақсаттары мен міндеттері болып: салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, циклдік спорт түрлерін дамыту болды.

«Almaty Triathlon Federation» қоғамдық бірлестігі Алматыда триатлон және циклдік спорт түрлерін дамыту, елдегі жарыстарды өткізу және халықаралық жарыстарда жетекші спортшылар, триатлеттер мен ұлттық командалардың қатысуын ұйымдастыру үшін 2017 жылдың қазан айында құрылған және аккредиттелген.

Федерацияның мақсаттары:

  1. Жастар арасындағы триатлонды танымал ету;
  2. Триатлон ардагерлерінің қозғалысын дамуына қолдау көрсету;
  3. Триатлонның кәсіпқойлары мен әуесқойларынан тұратын спорт резервін дайындау;
  4. Циклдік спорт түрлерінің аймақтық жаттығу базасын құру;
  5. Триатлон кәсіпқойлары арасынан тренерлер және төрешілер құрамын дайындау;
  6. Алматы қ. Триатлон бойынша ATF мектептерінің және циклдік спорт түрлерінің мүшесі болуға еліктіру;
  7. Допингке қарсы бағдарламаны жүзеге асыруға көмектесу.

 

Сайтқа кіру
Восстановление пароля