06 наурыз 2018

Кең үлкен кеңсе. Әр жерден сұлулықтың лебі еседі. Осындай жарқын атмосфераға кіре бергенде, басыңа бірден «бұл неткен сұлулық» деген ой келеді.

Кең үлкен кеңсе.  Әр жерден сұлулықтың лебі еседі. Осындай жарқын атмосфераға кіре бергенде, басыңа бірден «бұл неткен сұлулық» деген ой келеді.

Менің сұхбаттасымның жұмысы саулық пен сұлулықты адамдардың күнделікті дағдысына айналдыру. Жағымды, еріксіз еліктірер күлкісімен Әйгерім Жолжанова Орифлэйм компаниясының Қазақстан және Орталық Азияның өнімдік коммуникациясы жөніндегі  менеджері болып табылады. Көктемгі 8 наурыз мерекесінің қарсаңында Әйгерім әйел мәселесі туралы әңгімелесе отырып, өз сұлулығының құпиясымен бөлісті, аздап өзінің өмірі мен отбасындағы спорт туралы, біздің компаниямызбен достығы туралы және алдағы Алматы Марафон іс-шарасында алға қойып отырған жеке мақсаттары туралы айтып берді.

«Менің сұлулығымның сыры – менің отбасым, жолдасым, балаларым, достарым, спорт және Орифлэйм компаниясының косметикасы.  Сұлулық деген — сыртқы келбет қана... қалай болғанда да, көпшілігі дәл осылай ойлайды. Бірақ, біз олай ойламаймыз. Біз — шведтік бьюти-брендпіз, сондықтан басқаша ойлаймыз. Біз үшін сұлулық деген — одан да артық нәрсе. Бұл – сен таңдаған өмір стилінің бейнесі, онда сенің сыртқы келбетің де, сенің ішкі сезімің де маңызды.  Біз үшін нағыз сұлулық дегеніміз — ішкі әлем мен сыртқы әлемнің үйлесімі. Мен белсенді түрде спортпен айналысамын, фитнес клубқа барамын. Барлық жүгірулерге, Марафонға  қатысамын және, әрине, Орифлэйм компаниясының  теріні және бетті күтуге арналған құралдарын қолданамын. Ең бастысы – менің бастамаларымды қолдайтын менің отбасым. Бұл қолдау маған менің өзімнен төгіліп тұратын дәл сол ішкі сұлулық пен энергияны береді» - дейді Әйгерім.

Спорт, денсаулық, сұлулық дегеніміз — өзара ажырамас байланыстағы ұғымдар. Және бұл үш тағанда денсаулық пен сұлулық ұдайы спортпен айналысудың нәтижесі болып табылады. Спорт  ежелден салауатты өмір салтымен, ал атлетикалық фигура — сұлулықпен байланыстырылған. Бүгінгі күнге дейін дене жаттығулары сәннен шықпаған. Сондықтан, денсаулық, сұлулық және спорт үшеуі әрқашан бірге аталады.  Маған Әйгерімнің оқиғаға толы өмір стилінде спортқа қалай уақыт тауып жүргені қызық болды.

«Соңғы екі жылда мен спортпен белсенді түрде айналыса бастадым. Аптасына 3 рет жүгірдім және қосымша жүзумен айналыстым. Бірақ, қазір мен өзім үшін тиімді тәсілді –  фитнес клубты таңдадым. Аптасына 2-3 рет жеке жаттықтырушымен айналыстым. Бұл маған өзімнің тонусымды қолдауға көмектесетіндігімен ұнайды. Бұл маған энергия береді. Кейде мен өзімнің кіші ұлыммен бірге фитнес клубқа барамын» - дейді Айгерім маған жігерлене тренажер залында түскен суреттерін көрсете отырып.

Жүгіру спорттың ең қол жетімді және кең таралған түрі болып табылады. Ол қаныңды оттегімен толтырады, тонусыңды көтереді, қуану және масаттану сезімін сыйлайды, тәніңіз бен жаныңызды ретке келтіреді. Кез-келген жерде, кез-келген уақытта, кез-келген жаста жүгіруге болады. Және осы жылы сұлулық жөніндегі менеджер, сүйетін әйел, ана және жай ғана ерекше әйел – Әйгерім өзінінің күшін сынап, 10 км қашықтыққа жүгіруге шешім қабылдады.

«Біздің отбасымызда Марафонға менің үлкен ұлым қатыса бастады. Ол 2 жыл  10 км қашықтыққа жүгірді.  Өткен жылы ол серпіліс жасап, 21 км –  жартылай марафонды жүгіріп өтті. Осы жылы ол осы кезеңде Алматы қаласында болмайтындығына байланысты Алматы Марафонға қатыса алмайтындығына қайғырып қалды.  Менің қызым екі жылға жуық жүгіреді, ол белсенді түрде тенниспен айналысады. Бұл ата-аналардың негізгі жауапкершілігі, балалар спортпен айналысуы, дамуы керек. Жолдасыма келер болсам, ол ұдайы тренажер залына барады, бірақ, жүгірулерге және Марафонға ешқашан қатыспаған. Осы жылы ол менімен бірге бірінші рет 10 км қашықтыққа жүгіреді. Мені жолдасым, дәл осы жүгіру кезінде қолдауға шешім қабылдады, мен сол үшін оған алғыс білдіремін.  Біз, мен, жолдасым және қызым үшеуіміз жүгіреміз» - деп маған күлімдей, қойын дәптерін ашып, Марафон кезіндегі өз жоспарымен бөлісті 

 

«Неге тап осы 10 км қашықтыққа жүгіру, неге Экиденге қатысу емес? Мен басқа аураны сезінгім келеді, бір мезгілде 15000 адам жарысқа кірісетін рақатты білгім келеді. Бұл мүлде басқа энергия, басқа драйв деп ойлаймын. Және мен үшін жолдасыммен бірге 10 км қашықтыққа жүгіру бұл – өзімді сынау. Мен онда өзімді мүлде басқаша сезінетініме сенімдімін. Және де... Ұлымнан қалысқым келмейді» - деп, өзінің спорттық іс-шарадан күтетін сезімдерін  күлімдей және сәл ұяла әңгімелейді.  

Орифлэйм компаниясы 2 жыл қатарынан Экиден командалық жүгіруіне қатысты. Бірақ, осы жылы сұлулық индустриясының өкілдері – Марафонда және жартылай марафонда әрқайсысы жеке-жеке жүгіруге шешім қабылдады.  Әйгерім мақтана және үлкен құлшыныспен спорт саласындағы өз әріптестерінің нәтижелерімен бөліседі.  

«Әріптестер ұдайы жүгірумен айналысады. Осы жылы бізде Экиден командасыы жоқ, өйткені барлығы мүлде әр түрлі 10, 21, 42 дистанцияларға жүгіруге шешім қабылдады. Біздің компаниямызда дәл осы жүгіруге қатысулардың және спортты белсенді түрде ілгерілетудің арқасында жігіттердің шын мәнінде дене күші артып, әрқайсысы Марафонға жеке-жеке қатысуға шешім қабылдады. Олар басқа марафондарға қатысуды жоспарлап, Таллинге, Киевке марафондарға барды. Сондықтан, біздегі жалынды спортшылардың көпшілігі алыс дистанцияларға жүгіреді, және сондай-ақ, жартылай марафон дистанциясына жүгіретін жігіттер де бар. Жүгіру деген – біз сезінген өмір,бұл Орифлэймнің қызметкерлеріне ұнайтын драйв.

3 жыл бойы Орифлэйм барлық жүгірулердің жүлделі серіктесі, сондай-ақ, Алматы Марафонның құрметті серіктесі болып табылады. Біз үшін бұл жай ғана серіктестік емес, біз үшін бұл достық, сенім,  сапа. Және біздің әрқайсымыз аталған жобаға атсалыса жүріп, жыл сайын достықты барынша нығайта түсеміз.

«Иә. Біз, шын мәнінде, жақын достармыз. Және мен, сіздердің іс-шараларыңызға қуана қатысамын. Салтанат және оның командасы мен үшін Алматыда спорт жай ғана әдемі атау болуы үшін емес, адамдар соған барынша тартылуы үшін белсенді түрде бәрін жасайтын адамдар.  Шын мәнінде бұл өте үлкен және көп еңбекті талап ететін іс. Біз үшін Алматы Марафон – әрқашан қарым-қатынас жасауға ыңғайлы жақын адам  және біз оған әрқашанда ашықпыз! Алматы Марафон – ауқымды қайырымдылық жобаларының бірі!  Орифлэйм компаниясы зор қуанышпен әрқашан осындай жобаларды қолдайды. Біз жақын достармыз және бұл достығымыз ұзаққа жалғасады деп сенемін».

Және соңғы сұрақ, сұлулық индустриясының ең күтімді, спорттық және әдемі әйелдерінің бірі қандай аксессуарларсыз үйден шықпайды? Көп ойланбай, Әйгерім әрқашан сөмкесінде жүретін 5 затымен бөлісті. 

  1. Wellness by Oriflame Протеин батончигі
  2. Ерін далабы
  3. Қолға арналған крем
  4. Опа
  5. Далап

Денсаулық және спорт. Сұлулықтың негізгі факторлары. Барлық көктемгі мерекелер - нағыз жаңаратын уақыт. Бізбен бірге бастаңыз.

Бірге жүгірейік! 

Сайтқа кіру
Восстановление пароля