
Turkistan Marathon 2022 - тіркелу ашылды
30 мамырда «Turkistan Marathon 2022» тіркелу ашылды. 2022 жылдың 30 қазанында (жексенбі) бейнелі этностильде спорт сүйер қауым үшін үлкен жүгіріс жарысы өтеді.

Қазақстандағы туризм, спорт және белсенді өмір салты әлеміндегі жаңа оқиға – Qazaqstan Live Fest көрмесі.
Қазақстанда алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылғы 17-19 маусымың аралығында халықаралық Qazaqstan Live Fest 2022 туризм, спорт және белсенді өмір салты көрмесі өтеді.

Qazaqstan Live Fest көрмесі – Нұр-Сұлтан жартылай марафонының серіктесі.
Qazaqstan Live Fest көрмесі елордадағы бірінші Нұр-Сұлтан жартылай марафонының серіктесі болды.

Алматы жартылай марафонында 5 мыңнан астам адам жүгірді
Осы жексенбіде, 17 сәуір күні бесінші Алматы жартылай марафоны өтті. Таңғы сағат 8-де Тұңғыш Президент саябағында сөре белгісі берілді. 5500-ге жуық әуесқой спортшы қала көшелерімен Орталық стадиондағы мәреге қарай жүгірді.

Осы жексенбіде студенттер мен мектеп оқушыларына арналған жүгіру жарысы өтеді
2022 жылғы 3 сәуірде (жексенбі) студенттер мен жоғары сынып оқушыларына арналған «Jana Tolqyn» жүгіру жарысы өтеді.

Нұр-Сұлтанда жартылай марафон өтеді
2022 жылғы 19 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында спорт және салауатты өмір салтын сүйетіндер үшін жүгіруден Nur-Sultan Half Marathon жарысы өтеді.
Орталық стадионда COPA RUN 1000 метрге жүгіруден жарыс өтті
13 наурызда Алматыда «COPA RUN» 1000 метрге жүгіруден жарыс өтті. Жарысқа бес жүзге жуық атлет қатысты.

Алматы облысында «Tau Jarys» табиғат аясында жүгіру жарысы өтеді
28 ақпанда «Tau Jarys» табиғат аясында жүгіру жарысына тіркелу ашылды. Бұл – «Алматы марафонының» ұйымдастырушысы болып табылатын «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының жаңа шарасы.
Алматының бас даңғылында қысқы жарыс өтті
20 ақпанда Алматыда «Winter Run» жарысы өтті. Жарыс дәстүр бойынша қысқы жүгіру маусымын аяқтайды. Қысқы суыққа қарамастан, сөреге 2000-ға жуық қатысушы шықты.

20 ақпанда Алматы қаласы жолдарының бір бөлігі жабылады
20 ақпанда «Winter Run» жарысы өтетін уақытта сағ. 05:00-ден 13:00-ге дейін жарыс қашықтығы өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.
1000 метрге жүгіру – COPA RUN жарысына тіркелу ашылды!
7 ақпанда «COPA RUN» 1000 метрге жүгіру жарысына тіркелу ашылды.

Winter Run жарысына тіркелу ашылды
24 қаңтарда «Winter Run» жарысына тіркелу ашылды. «Winter Run» 2022 жылдың 25 қыркүйегіне жоспарланған «Алматы марафонына» дайындықты бастайтын алғашқы маусымдық жарыс.