Осыған байланысты жарыс қашықтығы өтетін жерлерде жолдар жабылатын болады. Бұл оқиға дәстүрге айналды және биыл оныншы рет өтеді.
Жарыс «Нұрлы Тау» бизнес-орталығында басталады. Қатысушылар Әл-Фараби даңғылымен Гагарин даңғылына дейін жүгіріп барып, «Нұрлы Тау» БО-на қайта оралады. Әуесқой желайақтар үшін 3 қашықтық бар-10 км, 7 км скандинавиялық жүріс және 3 км балалар қашықтығы.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы Меңдіқұлов бульварынан (туннельге кіру) Гагарин даңғылына дейін сағат 07:50-ден 10:45-ке дейін жабылады.
Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық және бос болады.
Деректер жүгіру жарысына қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды бөлуді ескере отырып енгізілді.
«Winter Run 2024» қалалық жарысы үшін жолдарды жабу кестесі
2024 жылғы 25 ақпан |
|
07:50 бастап 10:45 дейін |
Әл-Фараби даңғылы (Меңдіқұлов бульварынан Esentai Mall-ға дейін)
Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық
Тимирязев көшесі бойынша солтүстік бағытта балама жол жүру. |
08:30 бастап 10:30 дейін |
Әл-Фараби даңғылы (Esentai Mall-дан Гагарин даңғылына дейін)
Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық
Тимирязев көшесі бойынша солтүстік бағытта балама жол жүру. |
04:00 бастап 12:00 дейін |
Батыс Желтоқсан көшесі (Әл-Фараби даңғылынан Ганди көшесіне дейін) |
Қашықтықтан жүгіріп өткен барлық жүйріктер мәрешінің медаліне ие болады. 3 км қашықтықта жүгірген қыздар мен ұлдар арасындағы үш жеңімпаз, сондай-ақ 10 км жүгірген жас санаттарындағы жеңімпаздар медальдармен, мақтау қағаздарымен және серіктестердің сыйлықтарымен марапатталады. Әйелдер мен ерлер арасындағы абсолютті есепте 10 км қашықтықты еңсерген жеңімпаздар негізгі сыйлықтардан басқа ақшалай сертификаттармен марапатталады.
Естеріңізге сала кетейік, Almaty Copa Run, Almaty Half Marathon және жылдың ең маңызды оқиғасы – Almaty Marathon 2024-ке тіркеу ашық. Іс-шаралар күнтізбесімен Алматы марафонының әлеуметтік желілерінде танысуға болады. Барлық сөрелерге тіркелу almaty-marathon.kz сайтында өтеді.
Титулдық демеуші: Kaspi.kz.
«Winter Run 2024» ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «Krida» фитнес-клубы, академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.