12 қараша 2023

Сөре «Астана» алаңында берілді.

12 қарашада оңтүстік астананың 2200 тұрғыны мен қонақтары қала орталығымен жүгіріп өтті. Сөре «Астана» алаңында берілді. Қалалық жарысты «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының командасы ұйымдастырды.

City Run 2023 – бұл қаланың қақ ортасында берілген жүгіру маусымының мәрелік аккорды. Спортшылар бүгінде Қазақстан-Британ техникалық университеті орналасқан бұрынғы Үкімет үйінің тарихи ғимаратының тұсынан бастады. Олар Алматының орталық көшелерімен өтіп, өздері үшін қаланың сұлулығын және тарихын ашты. Мәре сызығы жаяу жүргіншілер көшесі - Панфилов бульварының бойымен өтті, ол жерде қатысушыларды жанкүйерлері мен достары қарсы алды. Трассада алтын нөмірлері бар жүгірушілер де бой көрсетті. Бұл 2023 жылы қордың барлық жүгіру іс-шараларына қатысқан қатысушылар.

Ислам Аманғос ерлер арасында 10 км қашықтықты 32 минут 10 секунд нәтижемен мәреге бірінші жетті. Әйелдер арасында Светлана Куделич жеңімпаз атанды. Оның мәреге жету уақыты 36 минут 58 секунд болды. Барлық жарыс нәтижелерін мына сілтеме арқылы білуге ​​болады.

«Жыл сайын «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының іс-шараларына көбірек адам, соның ішінде шетелдіктер де қызығушылық танытып келеді. Биылғы жылы оған әлемнің 50 елінен 35 мыңнан астам адам қатысты. Біз Қазақстанда жүгіру спортының дамуына өз үлесімізді қосып жүргенімізді мақтан тұтамыз», — деді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.

City Run қашықтығын бағындырған барлық жүгірушілер мәре сызығында қала пейзажы бейнеленген медаль иегері атанды. Жас санаттарындағы жеңімпаздар серіктестер мен демеушілердің бағалы сыйлықтарымен марапатталды. 10 км қашықтықтағы абсолютті санаттағы жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар табыс етілді: 1 орын – 80 000 теңге, 2 орын – 60 000 теңге, 3 орын – 40 000 теңге.

«2023 жылғы жүгіру маусымы аяқталды. Барлық қиындықтарға қарамастан, біз 9 іс-шара өткіздік. Өкінішке орай, бізден байланысты емес себептермен Summer Run-нан және Turkistan Marathon-дан бас тартуға тура келді. Бірақ мұның бәрі маусымның сәтті өтуіне кедергі болмады. Биылғы жылы біз алғаш рет біздің волонтерларымызға алғысымыз бен ризашылығымызды білдірудің айырықша тәсілі ретінде Алғыс білезіктерін енгіздік, сондай-ақ скандинавиялық жүрісінің жаппай сөресі бойынша Қазақстанның рекорд орнаттық. Біз барлық қатысушыларға, серіктестерге және волонтерларға қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздерсіз бұл маусым осындай жарқын әрі есте қаларлық болмас еді», – деп атап өтті «Алматы Марафонының» race-director-ы Салтанат Қазыбаева.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 29 қазанында өтетін жыл сайынғы Алматы марафонына тіркелу ашық. Тіркеу almaty-marathon.kz сайтында ашық.

Жарыстың бас серіктесі: Kaspi.kz

 «City Run 2023»  ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля