08 қараша 2023

12 қарашада Алматыда «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырған «City Run 2023» қалалық жарысы өтеді.

Осыған орай жарыс қашықтықтары өтетін жерлерде жолдардағы көлік қозғалысы ішінара жабылады. Сөре және мәре сызықтары Төле би көшесіндегі «Астана» алаңында болады. Маршрут Наурызбай батыр, Шевченко, Бөгенбай батыр және Панфилов көшелерінен өтеді.

Төле би көшесінде Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне («Астана» алаңы) дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағ. 04:00-ден 11:00-ге дейін жабылады. Көлікпен жүрудің баламалы жолдары: шығыс бағытында – Гоголь көшесі, батыс бағытында – Абай даңғылы.

Төле би көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағ. 07:45-тен 09:40-қа дейін жабылады. Көлікпен жүрудің баламалы жолдары: шығыс бағытында – Гоголь көшесі, батыс бағытында – Абай даңғылы.

Наурызбай батыр көшесінде Төле би көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағ. 08:00-ден 09:30-ға дейін жабылады. Көлікпен жүрудің баламалы жолы: Сейфуллин даңғылы.

Шевченко көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Панфилов көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағ. 08:05-тен 09:20-ға дейін жабылады. Көлікпен жүрудің баламалы жолы: Абай даңғылы.

Панфилов көшесінде Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағ. 08:15-тен 09:45-ке дейін жабылады. Көлікпен жүрудің баламалы жолы: Назарбаев даңғылы.

Бөгенбай батыр көшесінде Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағ. 08:15-тен 09:45-ке дейін жабылады. Көлікпен жүрудің баламалы жолдары: шығыс бағытында – Гоголь көшесі, батыс бағытында – Абай даңғылы.

Абылай хан даңғылында Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі жол бөлігінде көлік қозғалысы сағ. 08:15-тен 09:45-ке дейін жабылады. Көлікпен жүрудің баламалы жолдары: Назарбаев даңғылы және Сейфуллин даңғылы.

Деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.

«City Run 2023» қалалық жарысы (12.11.2023) үшін жолдарды жабу кестесі 

2023 жылғы 12 қараша

сағ. 04:00-ден 11:00-ге дейін

Төле би көшесі (Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін)

Көлікпен жүрудің баламалы жолдары: шығыс бағытында – Гоголь көшесі, батыс бағытында – Абай даңғылы.

сағ. 07:45-тен 09:40-қа дейін

Төле би көшесі (Наурызбай батыр көшесінен Абылай хан даңғылына дейін)

Көлікпен жүрудің баламалы жолдары: шығыс бағытында – Гоголь көшесі, батыс бағытында – Абай даңғылы.

сағ. 08:00-ден 09:30-ға дейін

Наурызбай батыр көшесі (Төле би даңғылынан Шевченко көшесіне дейін)

Көлікпен жүрудің баламалы жолы: Сейфуллин даңғылы.

сағ. 08:05-тен 09:20-ға дейін

Шевченко көшесі (Наурызбай батыр көшесінен Панфилов көшесіне дейін)

Көлікпен жүрудің баламалы жолы: Абай даңғылы.

сағ. 08:15-тен 09:45-ке дейін

Панфилов көшесі (Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін)

Көлікпен жүрудің баламалы жолы: Назарбаев даңғылы.

сағ. 08:15-тен 09:45-ке дейін

Бөгенбай батыр көшесі (Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін)

Көлікпен жүрудің баламалы жолдары: шығыс бағытында – Гоголь көшесі, батыс бағытында – Абай даңғылы.

сағ. 08:15-тен 09:45-ке дейін

Абылай хан даңғылы (Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін)

Көлікпен жүрудің баламалы жолдары: Назарбаев даңғылы және Сейфуллин даңғылы.

Жолдардың жабылуын ескере отырып, сөре орнына автокөлікпен жетудің оңтайлы маршрутын 2GIS қолданбасында құруға болады.

Естеріңізге сала кетейік, City Run – қаланың дәл орталығында өтетін маусымның соңғы жарысы. Жарыс әуесқойларына екі жүгіру қашықтығы ұсынылған — 10 км және 5 км скандинавиялық жүріс. Сөре сызығына 2200 қатысушы шығады.

City Run жарысында өз қашықтығын жүгіріп өткен барлық қатысушылар мәре сызығында қала пейзажы бейнеленген медаль алады. Жас санаттарындағы жүлдегерлер серіктестер мен демеушілер ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталады. 10 км қашықтығында абсолютті санаттағы жеңімпаздар серіктестер мен демеушілердің бағалы сыйлықтарымен, сондай-ақ ақшалай жүлделермен марапатталады: 1-ші орын – 80 000 теңге, 2-ші орын – 60 000 теңге, 3-ші орын – 40 000 теңге.

Басталу уақыты:

08:00 – 10 км қашықтығының басталуы

08:10 – 5 км скандинавиялық жүріс қашықтығының басталуы

Сөре-мәре қалашығында қатысушылар мен көрермендерді талантты музыкалық ұжымның, DJ-дің өнер көрсетулері мен серіктестеріміздің қызықты жарнамалық аймақтарын қамтитын ойын-сауық бағдарламасы күтеді. Бұл – демалуға, пікірлестермен араласуға және спорт мерекесінің атмосферасынан ләззат алуға болатын тамаша орын.

БАҚ өкілдері үшін City Run жарысына тіркелу міндетті болып табылады. Бұл үшін prmanager@almaty-marathon.kz электронды поштасына жазу қажет.

Жарыстың бас серіктесі: Kaspi.kz.

«City Run 2023» жарысының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля