«Алматы марафоны» жүгіру жарысын ұйымдастыру комитеті оңтүстік астана тұрғындарын жарыс күні жолдар ішінара жабылатыны туралы хабардар етеді.

1 қазанда 7:00-ден 13:30-ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады. Спортшылар қашықтықты өтуіне қарай трассалар ашылатын болады.

Марафонның сөресі мен мәресі Республика Алаңында орналасады, сондықтан Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі Сәтбаев көшесінің бойындағы екі жолақ 30 қыркүйекте сағат 6:00-ден 1 қазанда сағат 18:00-ге дейін жабылады.

1 қазан:

Сәтбаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі Назарбаев даңғылының бойындағы қозғалыс 7:00-ден 10:40-қа дейін толығымен жабылады. Балама жол Достық даңғылының екі бағытымен өтеді.

Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейінгі Әл-Фараби даңғылының бойындағы батыс бағытындағы қозғалыс 7:00-ден 11:10-ға дейін ішінара жабылады, көшенің оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Шығыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен өтеді.

Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейінгі Әл-Фараби даңғылы бойындағы батыс бағытындағы қозғалыс 7:00-ден 13:30-ға дейін ішінара жабылады, даңғылдың оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Шығыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен өтеді.

Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі Саин көшесінің бойындағы солтүстік бағытындағы қозғалыс 7:00-ден 13:00-ге дейін жабылады, көшенің батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Солтүстік бағытындағы балама жол Бауыржан Момышұлы көшесімен өтеді.

Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі Абай даңғылының бойындағы шығыс бағытындағы қозғалыс 7:00-ден 13:30-ға дейін жабылады, даңғылдың солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Шығыс бағытындағы балама жол Әл-Фараби даңғылының, Төлеби, Құрманғазы, Қабанбай батыр көшелерінің бойымен өтуі мүмкін.

Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі Байтұрсынов көшесінің бойындағы қозғалыс 7:00-ден 14:00-ге дейін толығымен жабылады. Балама жол Байзақов көшесімен өтеді.

Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі Сәтбаев көшесінің бойындағы шығыс бағытындағы қозғалыс 7:00-ден 13:30-ға дейін толығымен жабылады. Батыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен, шығыс бағытындағы балама жол Құрманғазы көшесімен өтеді.

Байзақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі Сәтбаев көшесінің бойындағы қозғалыс 7:00-ден 10:35-ке дейін толығымен жабылады. Батыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен, шығыс бағытындағы балама жол Құрманғазы көшесімен өтеді.

Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі Шашкин көшесінің бойындағы қозғалыс 7:00-ден 10:35-ке дейін толығымен жабылады. Балама жол Марков көшесімен өтеді.

Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі Тимирязев көшесінің бойындағы қозғалыс 7:00-ден 10:35-ке дейін толығымен жабылады. Батыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен, шығыс бағытындағы балама жол Әл-Фараби даңғылымен өтеді.

Тимирязев көшесінен Сәтпаев көшесіне дейінгі Байзақов көшесінің бойындағы қозғалыс сағат 7:00-ден 10:35-ке дейін толығымен жабылады. Солтүстік бағытындағы балама жол Әуезов көшесімен, оңтүстік бағытындағы балама жол Манас көшесімен өтеді.

Деректер жүгіруге қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды үлестіруді ескере отырып енгізілді.

 

«Алматы марафоны» 2023 жарысы үшін жолдарды жабу кестесі

30.09.2023

30 қыркүйекте сағат 6:00-ден 1 қазанда сағат 18:00-ге дейін

Сәтбаев көшесі (Желтоксан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін)

1.10.2023

7:00-ден 10:40-қа дейін

Назарбаев даңғ. (Сәтбаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін)

Балама жол Достық даңғылымен екі бағытта өтеді.

7:00-ден 11:00-ге дейін

Әл-Фараби даңғ. (Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейін)

Оңтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық

Шығыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен өтеді.

7:00-ден 13:30-ға дейін

Әл-Фараби даңғ. (Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін)

Оңтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық

Шығыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен өтеді.

7:00-ден 13:00-ге дейін

Саин к. (Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін)

Батыс жағы а/к қозғалысы үшін ашық

Солтүстік бағытындағы балама жол Бауыржан Момышұлы көшесімен өтеді.

7:00-ден 13:30-ға дейін

 Абай даңғ. (Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін)

Солтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық

Шығыс бағытындағы балама жол Әл-Фараби д., Төлеби к., Құрманғазы к., Қабанбай батыр к., бойымен өтуі мүмкін.

7:00-ден 14:00-ге дейін

 Байтұрсынов к. (Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін)

Балама жол Байзақов көшесімен өтеді

7:00-ден 13:30-ға дейін

Сәтбаев к. (Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін)

Батыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен, шығыс бағытындағы балама жол Құрманғазы көшесімен өтеді.

7:00-ден 10:35-ке дейін

Сәтбаев к. (Байзаков көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін)

Батыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен, шығыс бағытындағы балама жол Құрманғазы көшесімен өтеді.

7:00-ден 10:35-ке дейін

Шашкин к. (Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін)

Балама жол Марков көшесімен өтеді.

7:00-ден 10:35-ке дейін

Тимирязев к. (Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейін)

Батыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен, шығыс бағытындағы балама жол Әл-Фараби даңғылымен өтеді.

7:00-ден 10:35-ке дейін

 Байзақов к. (Тимирязев көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін)

Солтүстік бағытындағы балама жол Әуезов көшесімен, оңтүстік бағытындағы балама жол Манас көшесімен өтеді.

 

Республика Алаңына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын бағыттар:

  1. Желтоқсан көшесімен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін
  2. Сәтбаев көшесімен батысқа қарай Назарбаев көшесіне дейін
  3. Назарбаев даңғылынан оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін
  4. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Нұрлы тауға дейін және Республика алаңына дейін жаяу жету
  5. Абай даңғылынан батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін
  6. Шевченко және Құрманғазы көшелерімен Желтоқсан көшесіне дейін
  7. «Абай» метро станциясына дейін

 

Жолдардың жабылуын ескере отырып, сөреге 2ГИС қосымшасы арқылы оңтайлы бағыт бағдарын құрып жетуге болады.

 

1 қазанда Орталық Азиядағы ең ірі жыл сайынғы - «Алматы марафоны» жүгіру жарысы өтеді. Жүргіру әуесқойлары үшін келесі қашықтықтар белгіленген: 10 км, 10 км скандинавиялық жүрісі, 21,1 км, 42,2 км, Экиден командалық эстафетасы. Қатысушылардың жас санаты әртүрлі: 10 км қашыққа және 10 км скандинавиялық жүрісіне – 15 жас және одан жоғары жастағы, 21,1 км және 42,2 км қашыққа – 18 жас және одан жоғары жастағы, ал Экиден эстафетасына – 16 жас және одан жоғары жастағы қатысушылар қатыса алады. Биылғы жылы «Бүкіл әлем - бізбен бірге!» ұранымен біріккен әлемінің 50-ден астам елінен келген 15 600 қатысушы сөреге шығады.

 

Сонымен катар, «Алматы марафоны» аясында 35 жастан асқан қатысшылар үшін 10 км қашықтыққа жүргіруден Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.

 

Ерлер мен әйелдер арасында 42,2 км және 21,1 км қашықтықтағы абсолютті санаттағы жеңімпаздар құрметті атақпен қатар ақшалай сыйлықтармен де марапатталады. 42,2 км қашықтықтағы ең жылдам спортшыларға бірінші орын үшін – 700 000 теңге, екінші орын үшін – 600 000 теңге және үшінші орын үшін – 500 000 теңге беріледі. 21,1 км қашықтықтағы бірінші орын үшін - 450 000 теңге, екінші орын үшін – 350 000 теңге, үшінші орын орын үшін - 300 000 теңге беріледі. Экиден командалық эстафетасының жеңімпаздары серіктестердің сыйлықтарымен, сондай – ақ ақшалай сыйлықтармен марапатталады: бірінші орын үшін – 300 000 теңге, екінші орын үшін – 250 000 теңге, үшінші орын үшін – 200 000 теңге беріледі. 42,2, 21,1 км және 10 км қашықтықтағы жас санаттарындағы жеңімпаздар да медальдармен, серіктестеріміздің бағалы сыйлықтарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады: бірінші орын үшін – 50 000 теңге, екінші орын үшін – 30 000 теңге, үшінші орын үшін – 20 000 теңге беріледі.

«Алматы марафоны» негізгі мақсатының бірі – қайырымдылық болып табылатын спорттық іс-шара. Жыл сайын іс-шара аяқталғаннан кейін біз жиналған қаражаттың бір бөлігін қайырымдылық жобаларын қолдауға бағыттаймыз. Былтырғы жылдың көрсеткіштерінен «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының белсенді жұмысын аңғаруға болады. Біз спорт нысандарын салуға және Қаскелең мен Талғардағы мүгедек балаларға арналған екі мектеп-интернатқа, сондай-ақ «Солнышко» балалар үйіне және «Rehab Team»оңалту орталығына қажетті жабдықтарды сатып алуға 45 500 000 теңге жолдадық. Сонымен қатар, біз «Одиннадцать друзей Максима» командасына он «Flying Start racing Wheelchair» жарыс арбасын табыстадық.

 

Сөре уақыты:

07:30 – 42,2 км жүгіруден жарыс сөресі, Экиден

07:40 – 21,1 км жүгіруден жарыс сөресі

07:55 – 10 км жүгіруден жарыс сөресі

08:10 – 10 км скандинавиялық жүрісі бойынша жарыс сөресі

Сөре-мәре қалашығында қатысушылар мен көрермендерді дарынды музыкалық ұжымдардың, DJ-дің өнерін тамашалауға болатын ойын-сауық бағдарламасы мен серіктестеріміздің тартымды промо-аймақтары күтіп тұр. Бұл жер демалуға болатын, достармен кездесуге болатын және спорт мерекесінің ахуалын сезіндіретін мінсіз орынға айналады.

БАҚ өкілдері үшін Алматы марафонына тіркелу міндетті. Ол үшін prmanager@almaty-marathon.kz электрондық поштасына жазу қажет.

Титулдық демеуші: Kaspi.kz.

Құрметті серіктестер: Sulpak, Haier

Алматы марафонының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Jañalyqtar
Түркістан жүгірушілерді шақырады: Turkistan Marathon 27 қазанда өтеді
Almaty Marathon 2024: Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру оқиғасы қалай өтті
Almaty Marathon 2024: 29 қыркүйекте Алматыдағы жолдардың бір бөлігі жабылады