05 сәуір 2023

Спорт жәрмеңкесі – бүкіл әлем бойынша ірі жарыстар алдында өтетін дәстүрлі шара.

21-22 сәуірде Алматы жартылай марафоны аясында жыл сайынғы спорт жәрмеңкесі өтеді. Экспоненттер арасында спорт тауарларының өндірушілері мен дистрибьюторлары болады, онда сіздер спорт киімдерін, аяқ киімдері мен аксессуарларын, скандинавиялық жүріс таяқтарын және тіпті фитнес жабдығын да таба аласыздар. Бұдан бөлек, жәрмеңкеде спорттық тамақ және салауатты өмір салтын қолдауға арналған дәрумендер жөнінде кеңес алуға, сондай-ақ спорттық массаж алуға болады.

– Спорт жәрмеңкесі – спорт қоғамдастығы арасындағы пайдалы таныстықтарға арналған тамаша платформа. Қатысушылар пікірлестерімен бірге уақыт өткізіп, спорт тауарлары туралы көбірек біле алады, сонымен қатар, Алматы жартылай марафонына арналған сөрелік жинақтарын алып кете алады, – дейді жоба менеджері Раушан Жанаева. – Жәрмеңке қонақтарында сондай-ақ әр түрлі шеберлік сабақтары мен таныстырылымдарға бару, серіктестеріміздің қызықты іс-шараларына қатысу және нағыз спорт мерекесінен ләззат алу мүмкіндігі болады.

Жәрмеңкеде 20-дан астам экспонент, соның ішінде Kaspi.kz, World Class, Copa Run, Under Armour, Limpopo, Garmin, MAX PRO NORDIQ LAB, COROS, Relaxy, Medteka, Кинезио Доктор, Мир Спорта сияқты және басқа да компаниялар болады.

Биылғы жылы Алматы жартылай марафонының сөресіне 7660 жүгіруші шығады және олардың әрқайсысы сөрелік жинақтары берілетін Спорт жәрмеңкесіне барады.

Күні және уақыты: 21-22 сәуір, 10:00-21:00

Орны: «Атакент» халықаралық көрме орталығы, 9-павильон, Тимирязев көшесі, 42.

Титулдық демеуші: Kaspi.kz

Алматы марафонының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля