28 наурыз 2023

«COPA ALMATY RUN» жүгірісі 2023 жылдың 2 сәуірінде Орталық стадионда (Абай даңғылында) өтеді.

COPA ALMATY RUN сөрелік жинақтарын беру 2023 жылғы 31 наурыз – 1 сәуір аралығында өтеді.

Уақыты: 10:00-20:00

Орны: COPA STORE дүкені, Наурызбай батыр к-сі 111.

Өзіңізбен бірге болу керек:

•          Жеке куәліктің көшірмесі;

•          Денсаулық туралы қолхат.

Барлық құжаттар БАСЫП ШЫҒАРАРЫЛҒАН ТҮРІНДЕ болуы тиіс.

Егер сіз беру күндері жинағыңызды алып кете алмасаңыз, оны келесі құжаттарды көрсете отырып, таныстарыңыз алып кете алады:

  • Сөрелік жинақты алып кететін адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
  • Сіздің жеке куәлігіңіздің көшірмесі;
  • Жүгіріс қатысушының өз қолымен толтырылған Денсаулық туралы қолхаты.

Егер адам бірнеше қатысушы үшін сөрелік нөмірлерін алса, алушының жеке куәлігінің көшірмесі әрбір қатысушының құжаттар топтамасына қоса тіркелуі тиіс. Яғни, егер сіз 10 сөрелік жинақты алсаңыз, жеке куәлігінің көшірмелерінің 10 данасын дайындауыңыз керек.

Басқа күндері сөрелік жинақты алуға болмайды. 

Іс-шараның таймингі:

Ережедегі іс-шара ережелерімен танысыңыз.

«COPA ALMATY RUN» жүгірісі 2023 жылдың 2 сәуірінде Орталық стадионда (Абай даңғылында) өтеді.  Жаңа маусымда атлеттер өздерін олимпиадалық қашықтықтарда – 100 м, 400 м, 1500 м және 3000 м жаңа қашықтықтарда сынайтын болады. Әрбір қатысушыға тиісті дайындық кезінде екі және одан да көп қашықтықта жүгіруге мүмкіндік беріледі.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля