15 ақпан 2023

Алматыда 19 ақпанда жыл сайынғы «Winter Run 2023» қысқы жарысы өтеді, осыған байланысты сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жүгіру жарысы өтетін жерлерде қозғалыс ішінара жабылады.

«Winter Run 2023» (Қысқы жарысы) қалалық жүгіру жарысының ұйымдастыру комитеті оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарын жарыс болатын күні жолдардың жартылай жабылатыны туралы хабардар етеді.

Жүгіру жарысы «Нұрлы Тау» бизнес-орталығынан басталады. Қатысушылар Әл-Фараби даңғылымен Гагарин даңғылына дейін жүгіріп, «Нұрлы Тауға» дейін кері бұрылады. Спортты сүйетіндер үшін 3 қашықтық – 10 км, 7 км скандинавиялық жүріс және 3 км балалар арасында жүгіру жарысы ұсынылған.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағындағы Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. Меңдіқұлов көшесінен Әл-Фараби даңғылының бойындағы тоннельге кіру сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жабық болады.

Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық және бос болады.

Деректер жүгіру жарысына қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды бөлуді ескере отырып енгізілді.

 «Winter Run» 2023 қалалық жарысы үшін жолдарды жабу кестесі (19.02.2023)

2023  жылғы 19 ақпан

04:00 бастап 12:00 дейін

Әл-Фараби даңғылы (Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейін)

   Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық

07:40 бастап 11:00 дейін

Әл-Фараби даңғылы (Желтоқсан көшесінен Esentai Mall-ға дейін)

Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық

08:30 бастап 10:45 дейін

Әл-Фараби даңғылы (Esentai Mall-дан Гагарин даңғылына дейін)

   Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық

 




Winter Run 2023 тіркелу almaty-marathon.kz сайтында өтті. Кез келген адамның қатысуына мүмкіндік болды. Қатысу құны 10 км және 7 км Скандинавиялық жүріс қашықтығы үшін 7 мың теңгені, 3 км балалар қашықтығы үшін 5 мың теңгені құрады. Тіркеу 16 ақпанда аяқталды.

Қашықтықтан жүгіріп өткен барлық жүйріктер мәрешінің медаліне ие болады. 3 км қашықтықта жүгірген қыздар мен ұлдар арасындағы үш жеңімпаз, сондай-ақ 10 км жүгірген жас санаттарындағы жеңімпаздар медальдармен, мақтау қағаздарымен және серіктестердің сыйлықтарымен марапатталады. Әйелдер мен ерлер арасындағы абсолютті есепте 10 км қашықтықты еңсерген жеңімпаздар негізгі сыйлықтардан басқа ақшалай сертификаттармен марапатталады.

2023 жылы «Бірінші болу – батылдық» КҚ дәстүрлі жарыстарды өткізуді жоспарлап отыр: Winter Run, Summer Run және City Run, Алматы жартылай марафоны маусымдық жарыстары және жылдың ең күтетін іс-шарасы – Алматы марафоны, сондай-ақ кейбір басқа да жарыстар. Іс-шаралар күнтізбесімен Алматы марафонының әлеуметтік желілерінде танысуға болады. Барлық жарыстарға тіркелу almaty-marathon.kz сайтында өтеді.

Жарысының бас серіктесі: Kaspi.kz.

«Winter Run 2023» ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля