07 ақпан 2023

COPA ALMATY RUN жүгіру жарысы – тіркеу ашық!

6 ақпанда «COPA ALMATY RUN» қысқа және орташа қашықтықтарға жүгіру жарысына тіркеу ашылды. Ерекше жарыс кәсіпқой емес атлеттер үшін әуесқой жарысқа қатысудың тамаша мүмкіндігін береді.

Жаңа маусымда атлеттер 100 м, 400 м, 1500 м және 3000 м олимпиада қашықтықтарында өз күштерін сынай алады. Тиісті дайындығы болған жағдайда, әр қатысушыға екі және одан көп қашықтыққа жүгіру мүмкіндігі беріледі.

«COPA ALMATY RUN» жарыстарының ұйымдастырушысы – жыл сайын Орталық Азиядағы ең ірі «Алматы марафонын» және бірқатар басқа да әуесқой жүгіру жарыстарын өткізетін «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры.

«COPA RUN» жарысы 2023 жылғы 2 сәуірде Орталық стадионда (Абай даңғылы бойындағы) өтеді. Жарысқа 18 жастан асқан ерлер мен әйелдер қатыса алады.

– Өткен жылы біз 1000 метр қашықтығына алғашқы жарысты өткізген кезде көптеген оң пікірлер алдық. Биылғы жылы 100 м, 400 м спринтерлік қашықтықтарын, сондай-ақ 1500 м және 3000 м орташа қашықтықтарын қосу туралы шешім қабылдадық, – деді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева. – Жүгірушілердің сүйікті орны – Орталық стадиондағы жүгіру мерекесі есте қаларлықтай жарқын болады деп күтеміз. 2 сәуір күні «COPA ALMATY RUN» жарысында сіздерді пікірлестер ортасындағы жаңа рекордтар күтеді.

Өз қашықтықтарын жүгіріп өткен барлық спортшылар мәреші медалін алады. Қашықтықтарды еңсерген әр түрлі жас санаттарындағы ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздар үштігі медальдармен және грамоталармен марапатталады.

Іс-шараға тіркелу және ақысын төлеу almaty-marathon.kz сайтында қолжетімді. Қатысу құны 6 000 KZT құрайды. Тіркелу 9 наурызға дейін немесе қатысушылар саны 600-ге жеткенше жалғасады.

19 ақпанда өтетін Winter Run жарысына және Алматы жартылай марафонына (23 сәуір) тіркелу жалғасатынын естеріңізге саламыз. Барлық жарыстарға тіркелу almaty-marathon.kz сайтында жүреді.

Жарыстың Бас серіктесі: COPA RUN спорттық тауарлар дүкені.

COPA RUN ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля