19 желтоқсан 2022

«Winter Run» жүгірулер және 1 қазанға жоспарланып отырған 2023 жылғы «Алматы марафонының» үлкен сөресіне дайындық жылын ашады.

19 желтоқсанда «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 19 ақпанда өтетін келер жылдың бірінші жарысы – «Winter Run» қысқы жарысына тіркелу ашылды. 

Сөре орны: Нұрлы Тау БО, әл-Фараби даңғылының бойында.

Жүгіру қашықтықтары:

  • 10 км (15 жастан жоғары)
  • 7 км Скандинавиялық жүріс (15 жастан жоғары)
  • 3 км (10-14 жас)

– Жыл сайынғы дәстүр бойынша біз көптеген жүгірушілер жақсы көретін әл-Фараби даңғылының бойындағы трассада ақпан айында өтетін «Winter Run» жарысымен жүгіру маусымын ашамыз, – дейді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева. – Осы маусымда барлық жүгірушілерге жеке жеңістер мен жаңа рекордтарға жетуін және ынталарының арта түсуін тілейміз. Командамыз сіздерді барлық жарыстарымызда асыға күтеді.

Іс-шараға тіркелу және ақысын төлеу almaty-marathon.kz сайтында қолжетімді. Қатысу құны: 10 км-ге жүгіру және 7 км-ге скандинавиялық жүріс қашықтықтары үшін – 7 000 KZT, 3 км балалар қашықтығы үшін – 5 000 KZT. Тіркелу 16 ақпанда немесе қатысушылардың жалпы санына жеткенде аяқталады.

Өз қашықтықтарын жүгіріп өткен барлық спортшылар мәреші медалін алады. 3 км қашықтығында жүгірген қыздар мен ұлдар арасындағы жеңімпаздар үштігі, сондай-ақ 10 км қашықтығындағы жас санаттары бойынша жеңімпаздар медальдармен, грамоталармен және серіктестер ұсынған сыйлықтармен марапатталады. 10 км қашықтығында әйелдер мен ерлер арасында абсолютті есепте жеңімпаз атанғандар, негізгі сыйлықтардан бөлек, ақшалай сертификаттармен де марапатталады.

2023 жылы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры Winter Run, Summer Run және City Run маусымдық жарыстары, Алматы жартылай марафоны және жылдың ең көп күтілетін оқиғасы – Алматы марафоны сияқты дәстүрлі жарыстарды, сонымен қатар, кейбір басқа да жарыстарды өткізуді жоспарлап отыр. Іс-шаралар күнтізбесімен толығырақ Алматы марафонының әлеуметтік желілерінде танысуға болады. Барлық жарыстарға тіркелу almaty-marathon.kz сайтында жүреді.

«Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының 2022 жылы алғаш рет іс-шараларды Алматы қаласының шегінен тыс – Астана және Түркістан қалаларында өткізгенін естеріңізге саламыз. Turkistan Marathon, сон

Сайтқа кіру
Восстановление пароля