Айжан Есім

«Бірінші болу — батылдық» КҚ-ның қамқоршылық кеңесінің мүшесі

«Алматы марафоны» негізін қалаушы және бастамашысы.

Акад. Шахмардан Есенов ат. ғылыми-білім беру қорының қамқоршылық кеңесінің және «Сен басқасың» КҚ-ның төрағасы.

Халықаралық бизнес және маркетинг (European Business School) бойынша ВА дәрежесіне, маркетингтік коммуникациялар (University of Westminster) бойынша МА дәрежесіне, «Жаһандану шарттарындағы халықаралық диалог» бағыты («Сорбонна — Қазақстан» институты) бойынша магистр дәрежесіне ие. Абай ат. ҚазҰПУ-ін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдады.

Қазақстанның аумағында бизнес-жобалар мен стартаптарды бастау, дамыту және алып жүрумен айналысатын экономиканың түрлі секторларындағы компаниялар тобының инвесторы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля