15 мамыр 2018

“Пластик табиғи ортада жүз жылдан астам уақыт бойы ыдырайды”. Бұл қарапайым және қорқыныш тудыратын шындықты балабақшаға баратын балалар да біледі. Алайда табиғатқа деген дұрыс көзқарас қазіргі заман адамдарында енді ғана пайда бола бастады.

“Пластик табиғи ортада жүз жылдан астам уақыт бойы ыдырайды”. Бұл қарапайым және қорқыныш тудыратын шындықты балабақшаға баратын балалар да біледі. Алайда табиғатқа деген дұрыс көзқарас қазіргі заман адамдарында енді ғана пайда бола бастады.

Су немесе өзге де сусындар құйылған бөтелке босағаннан кейін сіз қаншалықты жи оны қоқыс жәшігіне емес, пластик ыдыстарды жинауға арналған арнайы урнаға саласыз? “Жиі” деп жауап беретін адамдар саны некен- саяқ болуы мүмкін. Мұны түсіндіру оңай – кез-келген қаладан осындай арнайы жабдықталған урналарды кездестіру қиын. Ал, бір бөтелкені тиісті жерге апарып тастау үшін өз бағытыңды өзгерткің келмейді.

Бизнес өкілдері бұған шешім ұсынып отыр. Пластик ыдыста сусын шығаратындардың өздері пластиктің жүз жылдық ыдырауға емес, керісінше, қажет болмай қалған бөтелкелерді пайдаға асыратын жерге жөнелтілуін қадағалайды. Өңделгеннен кейін пластик қорап, құрылыс материалдарын және тоқылмайтын жайма шығарушыларға жіберіледі. Бір полиэстер жеңсіз жейде жасап шығару үшін  20 пластик бөтелке қажет екенін білесіз бе?

Алматы марафонының ресми суы A’SU бренді биыл  жүгіруден ең ауқымды жарыс қатысушылары үшін пластик ыдысқа арналған арнайы урналар қойды. Бұл жәшіктерге кез-келген көлемдегі және кез-келген өндіруші шығарған сусын бөтелкелерін тастауға болады. Барлық пластик қайта өңдеуге жіберілді. Нәтижесінде біз бірге 482  келі пластик жинадық!

Су – жүгірушілердің ең танымал сусыны! Тек жыл сайынғы Алматы марафоны үшін A’SU компанияның әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде қатысушыларға 40 000 литр суды тегін таратты. A’SU брендін иеленуші RG Brands компаниясы Алматы марафонының барлық маусымдық жүгіруден сайыстары мен өзге де шараларына қолдау көрсетеді. Бұған қоса, алдағы Балалардың жүгіруден сайысы өтетін орынға пластикке арналған жәшіктер қайта орнатылады.

A’SU өкілдері бір бастамамен ғана шектелмейді. Былтыр кәдеге жаратудан түскен қаражат Алматы марафонының қайырымдылық істеріне жұмсалды. Биыл әр бөтелкеден түскен 1 теңге ағымдағы қайырымдылық мақсаттарына жіберіледі!

Бір қозғалыс, яғни бөтелкені жәшікке тастау арқылы сіз шараның өтетін орнын таза сақтауға ғана емес, сонымен бірге сіздің көмегіңізге зәру жүздеген баланың аман саулығы мен бақытты өмірге деген үміт сыйлауға арқау боласыз.

Өз ғаламшарына қамқорлықпен қараған “Кішкентай ханзада” авторы Антуан де Сент – Экзюперидің мына сөздері еске түседі: “Бізге жер ата-бабамыздан қалды. Біз оны өз ұрпақтарымыздан қарызға аламыз.” Планетада бізден кейін тұратын адамдар үшін қоршаған ортаны таза ұстайық!

Сайтқа кіру
Восстановление пароля