17 сәуір 2023

23 сәуірде жартылай марафон өткізілетін уақытта сағ. 00:00-ден 12:00-ге дейін жартылай марафон қашықтығы өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.

Алматы жартылай марафонының Ұйымдастыру комитеті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні, 2023 жылғы 23 сәуірде жолдардағы қозғалыстың ішінара жабылатыны туралы хабарлайды.

Жартылай марафон сөресі таңғы сағ. 7:30-да Тұңғыш Президент саябағында беріледі. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында  Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс 23 сәуір күнгі сағ. 00:00-ден 12:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік жағы сағ. 7:00-ден 8:10-ға дейін жабық болады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:15-тен 09:40-қа дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Сейфуллин даңғылында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:40-тан 09:00-ге дейін толық жабылады.

Абай даңғылының оңтүстік жағында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 8:40-тан 11:10-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Абай даңғылының оңтүстік жағында Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:50-ден 09:30-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Саин көшесінің шығыс жағында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 08:30-дан 10:10-ға дейін жабылады. Батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.

Алматы жартылай марафоны 2023 жарысы үшін жолдарды жабу кестесі

2023 жылғы 23 сәуір

23 сәуір сағ. 00:00-ден бастап 12:00-ге дейін

Әл-Фараби даңғылы (Мұстафин көшесінен бастап Навои көшесіне дейін)

Оңтүстік жағы сағ. 7:20-дан 8:20-ға дейін жабық болады.

сағ. 07:15-тен 09:40-қа дейін

Әл-Фараби даңғылы (Мұстафин көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін)

Оңтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық

сағ. 07:40-тан 09:00-ге дейін

Сейфуллин даңғылы (әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін)

сағ. 08:30-дан 10:10-ға дейін

Саин көшесі (әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін)

Батыс жағы а/к қозғалысы үшін ашық болады.

сағ. 08:40-тан 11:10-ға дейін

Абай даңғылы (Саин көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейін)

Солтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық болады.

сағ. 07:50-ден 09:30-ға дейін

Абай даңғылы (Сейфуллин көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейін)

Солтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық болады.

сағ. 07:30-дан 10:00-ге дейін

Сейфуллин даңғылы (әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін)

 







Тұңғыш Президент саябағына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:

 

1)  Мұстафин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

2)  Навои көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

3)  Садықов көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

4)  Дулати көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

5)  Саин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

6)  Розыбакиев көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін.

Жолдардың жүктелу деңгейінің жоғары болуына байланысты қатысушыларға жарыстың басталу орнына (Тұңғыш Президент саябағы) әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін автобуспен жетуге кеңес береміз. Жолдардың жабылуын ескере отырып, сөре орнына автокөлікпен жетудің оңтайлы маршрутын 2ГИС қолданбасында құруға болады. Сөре қалашығы (Тұңғыш Президент саябағы) мен мәре қалашығының (Орталық стадион) жанында көлікті тұраққа қою мүмкін болмайтынына назарларыңызды аударамыз.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 23 сәуірде (жексенбі) Алматыда жыл сайынғы Алматы жартылай марафоны өтеді. Биылғы жылы жартылай марафон осымен алтыншы рет өткізілмек. Сөреге 7660 спортшы мен әуесқой жүгіруші шығады.

Сөре уақыты:

07:30 – 10 км және скандинавиялық жүріс қашықтығының сөресі.

08:10 – 21 км қашықтығының сөресі.

Орталық стадионда чирлидерлер командалары мен музыкалық ұжымдардың қатысуымен үлкен ойын-сауық бағдарламасы өтеді.

Алматы жартылай марафонының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және # Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля