06 шілде 2018

Алматы Марафон командасы сіздерді мемлекеттік мереке – Астана күнімен құттықтайды!

Алматы Марафон командасы сіздерді мемлекеттік мереке – Астана күнімен құттықтайды!

Астана – халқымыздың мақтанышы, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің символы. Бір кездері қатардағы қалалардың бірі болған елордамыз аз ғана уақыт ішінде миллион тұрғыны бар, экономикалық, саяси және рухани орталыққа, ынтымақтастық пен жаhандық қауіпсіздіктің негізгі бағыттарын анықтайтын орынға айналды. Ол еліміздің ғана емес, Орталық Азиядағы ең әсем қалалардың бірі. Жарқын Астанамыз одан әрі өркендей берсін, біз ол үшін барлық күш жігерімізді жұмсауымыз қажет.

Астана – ол болашаққа, жастарға жаңа леб беретін табалдырық. Дені, тәні сау, болашаққа үміт артар, мемлекетімізді көркейтіп, дамытатын еліміз аман болсын, бірлігіміз жарассын! 

Қуанышқа толы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілейміз! 

Сайтқа кіру
Восстановление пароля