18 мамыр 2023

Биылғы жылы Tau Jarys екінші рет өтеді!

Ертең Tau Jarys-қа сөрелік жинақтарды беру басталады. Жіберіп алмаңыз!

Күні: 2023 жылғы 19-20 мамыр

Уақыты: 10:00-20:00

Орны: World Class Almaty, Наурызбай батыр көшесі, 89.

Tau Jarys – таулы жерлермен жүгіру жарысы ғана емес, сонымен қатар, әрбір адам ойын-сауық бағдарламасына қатыса алатын, дәмді тағамдардан ләззат алып, жарыстың жарқын атмосферасын сезіне алатын отбасылық фестиваль!

Жасыңыз 18-ден АСҚАН болса, өзіңізбен бірге мына құжаттар болуы тиіс:

•          Жеке куәліктің көшірмесі;

•          Денсаулық туралы қолхат. 

Жасыңыз 18-ге ТОЛМАҒАН болса, өзіңізбен бірге мына құжаттар болуы тиіс:

•          Жеке куәліктің/туу туралы куәліктің көшірмесі;

•          Ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі;

•          Ата-анасы қол қойған денсаулық туралы қолхат. 

Барлық құжаттар ҚАҒАЗҒА БАСЫП ШЫҒАРЫЛҒАН болуы тиіс.

Сіз жинақтар берілетін күні өз жинағыңызды алып кете алмайтын болсаңыз, оны сіздің орныңызға мына құжаттарды көрсете отырып, таныстарыңыз алып кете алады:

  • Сөрелік жинақты алып кететін адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
  • Сіздің жеке куәлігіңіздің көшірмесі;
  • Жарысқа қатысушы өз қолымен толтырған денсаулық туралы қолхат.

Егер бір адам бірнеше қатысушының сөрелік нөмірлерін алатын болса, алып кететін адамның жеке куәлігінің көшірмесі әр қатысушының құжаттар топтамасына қоса берілуі тиіс. Яғни сіз 10 сөрелік жинақ алатын болсаңыз, жеке куәлігіңіздің 10 көшірмесін дайындауыңыз қажет.

Сөрелік жинақты басқа күндерде алуға болмайды.

Іс-шара ережелерімен Ережеде танысыңыз.

Сөрелік жинақтарды беруде кездескенше!

Сайтқа кіру
Восстановление пароля