03 сәуір 2023

Сөреге әр түрлі – 100 м, 400 м, 1500 м және 3000 м қашықтықтарында 600-ге жуық атлет шықты.

2 сәуірде Алматының орталық стадионында «COPA ALMATY RUN 2023» қысқа және орташа қашықтықтарға жүгіру жарысы өтті.

Қашықтықтар мен жас санаттарында ең жылдам қатысушылар жүлделі медальдар мен грамоталарға ие болды. Тиісті дайындығы болған жағдайда, қатысушыларда бірден екі және одан көп қашықтыққа жүгіру мүмкіндігі болды.

Барлық спортшылар мәреші медальдарын алды. Жарыс нәтижелері сайтта жарияланды. Атлеттер өздерінің ең жақсы жеке нәтижелерін көрсете отырып, барлығы 168 жүлделі санатта марапаттарға ие болды.

Сондай-ақ жүгірушілерде жеке есепте ғана емес, командалық есепте де қатысу мүмкіндігі болып, нәтижесінде ақшалай жүлдеге ие болды. Командалық есеп нәтижелері бойынша RUN TIME ALMATY жүгіру клубы 1-ші орынды иеленіп, 130 000 теңге алса, ALAY.PRO клубы екінші орынды иеленіп, 90 000 теңге алды, ал J-RUN PRO жүгіру академиясының командасы үшінші орынды иеленгені үшін 50 000 теңге алды.

– Биыл 600-ге жуық спортшы Олимпиада қашықтықтарында өз күштерін сынай алды. COPA ALMATY RUN – стадиондағы жарыстардың жаңа форматы, жігер оты, жылдамдық және керемет эмоциялар, – дейді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының  директоры Салтанат Қазыбаева. – Біз қысқа және орташа қашықтықтарға жүгіру жарыстарын дамытуға септігімізді тигізіп жатқанымызға қуаныштымыз, өйткені мұндай жаттығулар жүгірушілерге марафон және жартылай марафон сияқты үлкен қашықтықтарға жүгіруде техникасы мен жылдамдығын жақсартуға мүмкіндік береді. Енді 23 сәуір күні Алматы жартылай марафонында кездесеміз.

Естеріңізге сала кетейік, 23 сәуірде 10 км, 21 км, 10 км скандинавиялық жүріс және Экиден командалық эстафетасы қашықтықтары бойынша жыл сайынғы Алматы жартылай марафоны өтеді. Сонымен қатар, 21 мамырда «Алатау» ШБК-де өтетін Tau Jarys ойлы-қырлы жерлермен жүгіру жарысына тіркелу қазірдің өзінде ашық. Барлық шараларға almaty-marathon.kz сайтында тіркелуге болады.

Жарыстың титулдық серіктесі: COPA STORE спорт тауарларының дүкені

Жарыс ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля