20 қазан 2022

2022 жылғы Алматы марафоны өткеннен кейін екі аптадан соң «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры үш мекемеде спорт нысандарының құрылысын бастады. Қайырымдылық мақсатын жүзеге асыру үшін биылғы жылы барлығы бес мекеме таңдалды.

Биылғы жылы «Алматы марафонынан» қайырымдылық көмек алушылар:

  • Қаскелең қаласындағы ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат
  • Талғар қаласындағы Алматы облыстық шипажай үлгісіндегі мектеп-интернат
  • «Радонеж» корпоративтік қорының жанынан құрылған «Солнышко» балалар үйі
  • «Спасибо врачам» ҚБ
  • «Одиннадцать друзей Максима» әлеуметтік-инклюзивті жобасы

Қаскелең қаласындағы ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатта жұмыстар басталды, оның сұранымы бойынша аумақта спорт алаңы салынады; Талғар қаласындағы Алматы облыстық шипажай үлгісіндегі мектеп-интернатында «Бірінші болу – батылдық» КҚ спорт алаңы мен волейбол алаңын салады; сондай-ақ «Солнышко» балалар үйінде балалар үйінің әкімшілігі тәрбиеленушілер үшін сұратқан футбол алаңы мен жүгіру жолағы салынады.

Мекемелердегі спорт нысандары балаларды салауатты өмір салтына баулу, сондай-ақ түрлі ауруларды емдеуге және оңалтуға көмектесу мақсатында салынады. 10 жыл ішінде команда балаларды сауықтырумен және спортқа қолдау көрсетумен байланысты 20-дан астам ірі жобаны жүзеге асырды.

Биылғы жылы «Алматы марафоны» мекемелердің сұранымдары бойынша 45 миллион теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Спорттық инфрақұрылымды құрудың бүкіл процесін, сондай-ақ жабдықтарды сатып алу процесін басынан аяғына дейін дәстүр бойынша «Бірінші болу – батылдық» КҚ жүргізеді.

«Алматы марафоны» көздеген мақсаттарының бірі қайырымдылық жасау болып табылатын спорт шарасы екендігін естеріңізге саламыз. «Алматы марафоны» жыл сайын «Алматы марафонына» тіркеу жарналарынан түскен қаражаттың бір бөлігін ерекше қажеттіліктері бар балаларға қажетті спорттық инфрақұрылымды құруға жұмсайды. Мәселен, өткен жылы қайырымдылық көмектің жалпы сомасы 40 000 000 теңгені құрады.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля