22 қыркүйек 2022

24 қыркүйек күнгі сағ. 6:00-ден бастап 25 қыркүйек күнгі сағ. 18:00-ге дейін марафон қашықтықтары өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.

«Алматы марафоны» жүгіру жарысының ұйымдастыру комитеті оңтүстік астана тұрғындарына жарыс өтетін күні жолдардың ішінара жабылатыны туралы хабарлайды.

24 қыркүйек күнгі сағ. 6:00-ден бастап 25 қыркүйек күнгі сағ. 18:00-ге дейін марафон қашықтықтары өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады. Спортшылардың қашықтықты жүгіріп өту шамасына қарай жолдар ашылып отырады.

Марафонның сөресі мен мәресі Республика алаңында болады, сондықтан 24 қыркүйек күнгі сағ. 6:00-ден бастап 25 қыркүйек күнгі сағ. 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесінде Желтоқсан көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде екі қозғалыс жолағы да жабылады.

25 қыркүйекте:

Назарбаев даңғылында Сәтбаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 10:40-қа дейін қозғалыс толық жабылады.

Әл-Фараби даңғылында Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі жол бөлігінде шара өтетін күні сағ. 7:00-ден 8:45-ке дейін қозғалыс толық жабылады.

Әл-Фараби даңғылында Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 11:10-ға дейін қозғалыс ішінара жабылады, көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Әл-Фараби даңғылында Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 13:30-ға дейін қозғалыс ішінара жабылады, көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Саин көшесінде әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 13:30-ға дейін қозғалыс ішінара жабылады, көшенің батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Абай даңғылында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 13:00-ге дейін қозғалыс ішінара жабылады, даңғылдың солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Байтұрсынов көшесінде Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 14:00-ге дейін қозғалыс толық жабылады.

Сәтбаев көшесінде Байзақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 10:35-ке дейін қозғалыс толық жабылады.

Сәтбаев көшесінде Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 13:30-ға дейін қозғалыс толық жабылады.

Байзақов көшесінде Тимирязев көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 10:35-ке дейін қозғалыс толық жабылады.

Тимирязев көшесінде Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 10:35-ке дейін қозғалыс толық жабылады.

Шашкин көшесінде әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі жол бөлігінде сағ. 7:00-ден 10:35-ке дейін қозғалыс толық жабылады.

Деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.

 

2022 жылғы «Алматы марафоны» (24.09.2022-25.09.2022) үшін жолдарды жабу кестесі

24.09.2022

24 қыркүйек күнгі сағ. 6:00-ден 25 қыркүйек күнгі сағ. 18:00-ге дейін

Сәтбаев көшесі (Желтоқсан көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін)

25.09.2022

сағ. 7:00-ден 10:40-қа дейін

Назарбаев даңғылы (Сәтбаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін)

сағ. 7:00-ден 8:45-ке дейін

Әл-Фараби даңғылы (Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін)

сағ. 7:00-ден 10:35-ке дейін

Байзақов көшесі (Тимирязев көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін)

сағ. 7:00-ден 10:35-ке дейін

Тимирязев көшесі (Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейін)

сағ. 7:00-ден 10:35-ке дейін

Шашкин көшесі (Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейін)

сағ. 7:00-ден 10:35-ке дейін

Сәтбаев көшесі (Байзақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін)

сағ. 7:00-ден 11:10-ға дейін

Әл-Фараби даңғылы (Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейін)

Оңтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық

сағ. 7:00-ден 13:30-ға дейін

Әл-Фараби даңғылы (Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін)

Оңтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық

сағ. 7:00-ден 13:30-ға дейін

Саин көшесі (Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін)

Батыс жағы а/к қозғалысы үшін ашық

сағ. 7:00-ден 13:00-ге дейін

Абай даңғылы (Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін)

Солтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық

сағ. 7:00-ден 14:00-ге дейін

Байтұрсынов көшесі (Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін)

сағ. 7:00-ден 13:30-ға дейін

Сәтбаев көшесі (Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін)

 

Республика алаңына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:

  1. Желтоқсан көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін
  2. Сәтбаев көшесінің бойымен батысқа қарай Назарбаев даңғылына дейін
  3. Назарбаев даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін
  4. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Нұрлы Тауға дейін көлікпен жетіп, Алаңға дейін жаяу бару
  5. Абай даңғылының бойымен батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін
  6. Шевченко және Құрманғазы көшелерінің бойымен Желтоқсан көшесіне дейін
  7. Метромен «Абай» станциясына дейін

 

Естеріңізге сала кетейік, 25 қыркүйекте жыл сайынғы ең ірі жүгіру жарысы –  «Алматы марафоны» өтеді. Жүгіру әуесқойларына мына қашықтықтар ұсынылады: 10 км, 21,1 км, 42,2 км, Экиден командалық эстафетасы, 10 км скандинавиялық жүріс. Қатысушылардың жас мөлшері: 10 км және 10 км скандинавиялық жүріс қашықтығында – 15 жастан бастап, 21,1 км және 42,2 км қашықтығында – 18 жастан бастап, Экиден командалық эстафетасы – 16 жастан бастап. Биылғы жылы сөреге 12 000-ға жуық қатысушы шығады. Сонымен қатар, биылғы жылы «Алматы марафоны» аясында алғаш рет марафоннан және 10 км-ге жүгіруден ҚР чемпионаты өтеді.

«Алматы марафоны» – көздеген мақсаттарының бірі қайырымдылық жасау болып табылатын спорт шарасы. «Алматы марафоны» жыл сайын «Алматы марафонына» тіркеу жарналарынан түскен қаражаттың бір бөлігін ерекше қажеттіліктері бар балаларға қажетті спорттық инфрақұрылымды құруға жұмсайды. Мәселен, өткен жылы қайырымдылық көмектің жалпы сомасы 40 000 000 теңгені құрады.

 

Сөре уақыты:

07:30 – 42,2 км, Экиден қашықтығының сөресі

07:40 – 21,1 км қашықтығының сөресі

07:55 – 10 км қашықтығының сөресі

08:10 – 10 км скандинавиялық жүріс қашықтығының сөресі

 

БАҚ өкілдері үшін марафонға тіркелу міндетті. Бұл үшін prmanager@almaty-marathon.kz электронды поштасына жазу қажет.

 

Алматы марафонының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Бас серіктес: Kaspi.kz.

Құрметті серіктестер: Sulpak

Сайтқа кіру
Восстановление пароля