30 мамыр 2022

30 мамырда «Turkistan Marathon 2022» тіркелу ашылды. 2022 жылдың 30 қазанында (жексенбі) бейнелі этностильде спорт сүйер қауым үшін үлкен жүгіріс жарысы өтеді.

30 мамырда «Turkistan Marathon 2022» тіркелу ашылды. 2022 жылдың 30 қазанында (жексенбі) бейнелі этностильде спорт сүйер қауым үшін үлкен жүгіріс жарысы өтеді.

2022 жылы жарыста 42,2 км, 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс қашықтықтары ұсынылады. Жарысқа 15 жастан асқан барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Сондай-ақ 3 км (10-14 жас) балаларға арналған қашықтық қарастырылған. Сөре мен мәре «Керуен Сарай» туристік кешенінің жанында орналасады.

Turkistan Marathon 2022 өз қашықтығын жүгіріп өткен барлық қатысушылар мәреде медаль алады. Барлық қашықтықтарда жас санаттарындағы жүлдегерлер серіктестер мен демеушілердің бағалы сыйлықтарымен, ал абсолюттік санаттағы жеңімпаздар бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Қатысу құны: 10 км – 5 000 тг; 10 км скандинавиялық жүріс – 5 000 тг; 21.1 км – 7 000 тг; 42.2 км – 8 000 тг, 3 км (10-14 жастағы балалар) – 3 000 тг.

«Біз бай тарихы мен айқын көрінісі бар Қазақстанның ең әдемі қалаларының бірінде марафонның ұйымдастырушылырының бірі болуға қуаныштымыз. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген атлеттер қашықтықты жүгіріп өтіп, трассада өздерінің жаңа рекордтарын орнатып қана қоймай, оңтүстік Қазақстанның сұлулығын тамашалай алады. Бүгінгі таңда демалысты жүгірумен біріктіруге болатын спорттық туризм үлкен танымалдылыққа ие. Түркістандағы Марафон – пайдалы мен жанға жағымдыны біріктірудің тамаша мүмкіндігі», - деп «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева бөлісті.

Сонымен қатар, ресми сайтта  Орталық Азиядағы спорт пен салауатты өмір салтын сүйетіндер үшін жыл сайынғы ең ауқымды «Алматы марафоны 2022» жүгіру жарысына тіркелу ашылды. Жарыс 2022 жылғы 25 қыркүйекте өтеді.

Ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля