31 мамыр 2022

Талғардағы «Ковчег» балалар үйінде балаларға арналған көпфункционалды алаңның салтанатты ашылуы өтті.

2022 жылдың 24 мамырында «Алматы марафонын» ұйымдастырушылары «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры жыл сайынғы қайырымдылық мақсаттарын жүзеге асыру бағдарламасы бойынша үшінші нысанды салып, тұсаукесерін өткізді.

Талғардағы «Ковчег» балалар үйінде балаларға арналған көпфункционалды алаңның салтанатты ашылуы өтті. Балалар мекемесінің тәрбиеленушілері волейбол, футбол және стрит алаңдарында жаттығуға мүмкіндігін иеленді.

«Ковчег» балалар үйінің директоры Марина Сугакова салтанатты ашылу барысында барлық балалар спортпен белсенді айналысатынын, ал бірнеше тәрбиеленушілер кәсіби футбол ойнайтынын атап өтті. Бұрын олар Талғардағы спорттық нысанына баруға мәжбүр болған, бірақ енді балалардың балалар үйінің аумағында күнделікті жаттыға алу мүмкіндігі пайда болды.

««Алматы марафонына», демеушілерге және марафонға қатысатын барлық жүгірушілерге осындай керемет көпфункционалды алаң үшін алғысымызды білдіреміз. Біз үйіміздің жанында тұратын балаларды бірлесе жаттығулар мен жарыстар өткізуге шақырамыз. 22 жыл бұрын біз алғаш жұмысымызды бастағанда бұл жер қараусыз қалған алаң болатын, бұл жерде спорт алаңы пайда болса деп армандаған едік. Мінекей, осы күнге де жеттік. Барлық жүгірушілерге тағы да рахмет, олардың бір бөлігі әрқашан бізбен бірге болады», - деп «Ковчег» балалар үйінің директоры Марина Сугакова бөлісті.

Алаңның салтанатты ашылуынан кейін балалар «Алматы марафоны» құрамасымен ойнап. Шиеленіскен ойын барасында «Ковчег» тәрбиеленушілері 11:8 есебімен жеңіске жетті.

Жыл сайын «Алматы марафоны» өткізілгеннен кейін қатысушылардың жарналарының бір бөлігі қордың қайырымдылық мақсаттарын жүзеге асыруға жұмсалады. Сондай-ақ, іске асыру серіктестердің арқасында мүмкін болды.

«Біздің әрбір қайырымдылық жобамыз балаларға, олардың арасында спортқа және салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілікті дағдыландыруға бағытталған. Біз өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымын, - деп «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева түсініктеме берді. – Қазіргі уақытта, 2012 жылдан бастап 24 қайырымдылық жобасы жүзеге асырылды, және біз көптеген балаларға көмектесе алатынымызға қуаныштымыз».

Қайырымдылық мақсаттары бағдарламасы бойынша алғашқы нысан 2021 жылдың желтоқсан айында кәмелетке толмағандарға арналған Алматы колониясында салынды. Бұл Қазақстандағы осындай жалғыз колония. Онда ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 14 пен 21 жас аралығындағы 56 адам орналасқан. Колония аумағында заманауи футбол алаңы салынды.

 

 

Екінші нысан 2022 жылдың 28 сәуірінде «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ ашылған еді. 3 жастан 18 жасқа дейінгі 80 бала тұратын орталықта олар физикалық дағдыларын шыңдап, дамыта алатын уорк-аут алаңы салынды.

Нысандардың құрылысына ақша тікелей мекемелерге аударылмайды, «Бірінші болу – батылдық» КҚ жобаны жүзеге асырумен толық айналысады және аяқталған нысанды мекемеге ресми түрде табыстайды.

 

«Алматы марафоны» Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтуде.

 

«Алматы марафонының» бас серіктесі: Kaspi.kz

Құрметті серіктестері: Sulpak және 1XBET.

Алматы марафонының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля