13 наурыз 2022

13 наурызда Алматыда «COPA RUN» 1000 метрге жүгіруден жарыс өтті. Жарысқа бес жүзге жуық атлет қатысты.

Қатысушылар екі санатта – жасқа байланысты (әуесқойлар) және PRO (дайындық деңгейі жоғары атлеттер) жарысты. Әр санатта финалға 12 спортшы шықты, олардың ішінде ең жүйріктері жүлделі медальдар мен мақтау қағаздарына ие болды. PRO санатындағы ерлер мен әйелдер арасындағы үздік үштік ақшалай сыйлықтарға ие болды. Рақымжан Келманов (23 жаста) және қыздар арасында Ольга Саупе (32 жаста) PRO санатының жеңімпаздары атанды. 2 минут және 35 секунд ішінде Рақымжан 1 км қашықтықты еңсерді. Жеңіл атлетика Федерациясының біліктілігі бойынша осы уақыт ішінде спортшы жеңіл атлетиканың 1 разрядына ие болады. 1 орын үшін жеңімпаздар 50 000 теңгеге, екінші орын үшін – 30 000 теңгеге және үшінші орын 20 000 теңгеге ие болды.

Барлық спортшылар мәреші медальдеріне ие болды. Жарыс нәтижесі сайтта жарияланды.

- Отыздан астам «COPA RUN» қатысушылары ҚР Жеңіл атлетика федерациясының нормативін орындап, енді 1, 2, 3 жеңіл атлетикалық разрядтарға және спорт шеберіне үміткер атағына ие болады, - деді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева. - Бұл өз кәсібі мен мәртебесін алуға жаттығатын кәсіби емес спортшыларға тамаша мүмкіндік. Жалпы, қысқа және орта қашықтыққа жаттығу марафонға қатысушыларға, соның ішінде 10 км және 42 км қашықтыққа жүгіретіндерге техниканы, жылдамдықты жақсартуға, өз күштерін қашықтықта дұрыс бөлуді үйренуге көмектеседі. Көптеген бапкерлер марафонға немесе жартылай марафонға дайындалу кезінде спортшылар үшін осындай қысқа не орта қашықтыққа жүгіруді ұсынады.

17 сәуірде жыл сайынғы 10 км, 21 км, 10 км скандинавиялық жүріс қашықтықтары және командалық Экиден эстафетасы бар Алматы жартылай марафонының өтетінін еске саламыз. Ал ертең (14 наурыз) маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Жартылай марафонына тіркелу рәсімі ашылады. Барлық жарыстарға тіркелуге аlmaty-marathon.kz сайтында болады.

Жарысқа дайындалуға ниет білдіргендердің барлығы бейсенбі (19:30) және сенбі (07:30) күндері «Атакент» ҚІЫО саябағында өтетін тегін халық жаттығуларына келе алады.

Жарыстың бас серіктесі: COPA STORE спорттық тауарлар дүкені.

«COPA RUN» жарысының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық YouTube-арнасы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля