28 ақпан 2022

28 ақпанда «Tau Jarys» табиғат аясында жүгіру жарысына тіркелу ашылды. Бұл – «Алматы марафонының» ұйымдастырушысы болып табылатын «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының жаңа шарасы.

Жарыс форматы таулы, бірақ биіктік ауытқуы аз жердегі жарысты меңзейді. Ол өздерін жаңа белсенділік түрлерінде сынап көргісі келетін қатысушыларға ыңғайлы. Шара отбасылық фестиваль форматында өтеді. Жарыстан басқа, қатысушылар мен қонақтар үшін дәмді тағамдар ұсынылатын демалыс аймағы, жергілікті өндірушілердің жәрмеңкесі, балаларға арналған және басқа да белсенді шаралар ұйымдастырылады.

 «Tau Jarys» 2022 жылдың 29 мамырында өтеді. Оған 14 жастан асқан әуесқой спортшылар қатыса алады. Шараға алдын ала тіркелу қажет.

Өту орны: «Алатау» ШБК, Алматы облысы, Солдат шатқалы.

Қатысушылар мына қашықтықтарда жарысады:

- 2 км (14-17 жас),

- 6,5 км,

- 13 км.

– Біздің барлық шараларымызда әрбір қатысушы жеңімпаз болып табылады, өйткені олардың әрқайсысы өзінің қорқынышын, сенімсіздігін, жалқаулығын жеңіп, сөреге шығады, жеке рекордтар орнатады және мәреші медалін алады, - дейді ұйымдастырушы, «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының директоры Салтанат Қазыбаева. – «Tau Jarys»-та біз қатысушылар отбасыларымен келіп, мәреден кейін атмосферадан және пікірлестерімен араласудан ләззат алатын, дәмді тағамдармен түстеніп, белсенді шараларға қатысатын нағыз спорт мерекесін жасауды көздеп отырмыз. Бұл жай ғана жарыс емес, барлық жастағы қонақтарға арналған отбасылық фестиваль болмақ.

Шараға тіркелу және ақысын төлеу almaty-marathon.kz сайтында болады. 2 км балалар қашықтығына қатысу құны 5 000 KZT, 6,5 км қашықтығына 10 000 KZT және 13 км қашықтығына 12 000 KZT құрайды. Тіркелу 20 мамырда немесе қатысушылар саны 1100-ге жеткенде аяқталады.

Жарысқа қатысуға жасыл және көк мәртебедегі спортшылар қабылданады.

Өз қашықтықтарын жүгіріп өткен барлық спортшылар мәреші медалін алады. Әр қашықтықта ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздар үштігі медальдармен, грамоталармен және серіктестер ұсынатын сыйлықтармен марапатталады.

Алматыда барлық тілек білдірушілерге арналған тегін жүгіру жаттығулары жалғасып жатқанын естеріңізге саламыз. Жаттығулар әр бейсенбі сайын сағ. 19:30-да және сенбі сайын сағ. 07:30-да «Атакент» ҚІЫО паркінде өтеді. Жаттығулар бойынша ақпаратты «Алматы марафонының ашық жаттығулары» Телеграм арнасында нақтылауға болады.

Жарыс ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля