15 ақпан 2022

20 ақпанда «Winter Run» жарысы өтетін уақытта сағ. 05:00-ден 13:00-ге дейін жарыс қашықтығы өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.

Жарыс сөресі «Нұрлы-Тау» бизнес орталығының жанынан беріледі.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 05:00-ден 13:00-ге дейін жабық болады. Әл-Фараби даңғылы бойында туннельге кіретін аймақ Меңдіқұлов көшесінен бастап сағ. 05:00-ден 13:00-ге дейін жабық болады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Желтоқсан көшесінен Esentai Mall сауда орталығына дейін қозғалыс сағ. 07:40-тан 11:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Esentai Mall сауда орталығынан Гагарин даңғылына дейін қозғалыс сағ. 08:30-дан 10:45-ке дейін жабық болады. Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.

«Winter Run» 2022 жарысы (20.02.2022) үшін жолдарды жабу кестесі

2022 жылғы 20 ақпан

Сағ. 05:00-ден

13:00-ге дейін

Әл-Фараби даңғылы (Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейін)

   Оңтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық

 

Сағ. 07:40-тан

11:00-ге дейін

Әл-Фараби даңғылы (Желтоқсан көшесінен бастап Esentai Mall сауда орталығына дейін)

  Оңтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық

 

Сағ. 08:30-дан

10:45-ке дейін

Әл-Фараби даңғылы (Esentai Mall сауда орталығынан Гагарин даңғылына дейін)

   Оңтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық

 

 

 «Нұрлы-Тау» бизнес-орталығына көлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:

  1. Желтоқсан көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,
  2. Назарбаев даңғылының бойымен оңтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,
  3. Әл-Фараби даңғылының бойымен батысқа қарай Назарбаев даңғылына дейін,
  4. Назарбаев даңғылының бойымен солтүстікке қарай Әл-Фараби даңғылына дейін,
  5. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Желтоқсан көшесіне дейін.

Жолдардың жүктелу деңгейінің жоғары болуына байланысты қатысушыларға жарыстың басталу орнына («Нұрлы-Тау» БО) Әл-Фараби даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысына дейін автобуспен жетуге кеңес береміз. Сөре қалашығының жанында көлікті тұраққа қою қиын болатындығына назарларыңызды аударамыз.

Естеріңізге сала кетейік, 20 ақпанда (жексенбі) «Winter Run» жарысы өтеді. Спорт әуесқойларына 3 жүгіру қашықтығы ұсынылған — 3 км балалар қашықтығы, 10 км және 7 км скандинавиялық жүріс. Қатысушылардың жас мөлшері – 10 жастан жоғары. Жарыс сөресі «Нұрлы-Тау» бизнес орталығының жанынан беріледі.

Сөре уақыты:

08:00 – 3 км қашықтығының сөресі 

08:45 – 10 км қашықтығының сөресі

08:50 – 7 км скандинавиялық жүріс қашықтығының сөресі

Жарыстың бас серіктесі: Kaspi.kz.

«Winter Run» жарысының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және # Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Сайтқа кіру
Восстановление пароля